11803

Елордадағы ұзақ салынған үйлердің бірінде қоныс тойы тойланып жатыр

Үлескерлер «Жағалау-3» тұрғын үй кешені, 30-блоктың құрылысын сегіз жыл күтті, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

Бұл тұрғын үй кешеніне жаңа жыл қарсаңында 600-ден астам отбасы қоныстанды. Елорда әкімдігі жұмыстың нәтижелі аяқталуы үшін ұйымдастырушылық, құқықтық және инженерлік сипаттағы көптеген қиындықтарды шешті: үйдің қасбетінің жұмысы, қажетті инфрақұрылымды жүргізу (сумен жабдықтау, жылыту, кәріз, электр жүйесі), кіреберістердің ішкі әрлеуі, лифт орнату, құжаттардың толық тізбесін қалпына келтіру, абаттандыру және т.б.

Тұрғындардың айтуынша, қазіргі уақытта үйді пайдалануға қатысты техникалық және құқықтық қиындықтардың бәрі шешілді.

«Бізге көмек қолын созған мемлекетке алғысымыз шексіз. Биліктің қолдауының арқасында қазір толыққанды өмір сүріп жатырмыз. Бүгінге дейінгі құрылыстың аяқталуына қатысты сенімсіздік, үмітпен қарау, қиналғанымыз, бәрі артта қалды. Жаңа жыл қарсаңында жылы, жайлы пәтерлерге көшіп, өмірімізді таза парақтан бастағандай болдық», — дейді «Жағалау-3» ТК, 30-блок тұрғыны Меруерт Серікбаева.

Естеріңізге сала кетейік, жаңа жыл қарсаңында қаланың басты ұзақ құрылыстарының бірі аяқталып, тұрғындар қоныс тойын тойлады. «Жағалау-3» ТК, 30-блогының құрылысы сегіз жылға созылды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109