4547

Нұр-Сұлтанда өнер жұлдыздары мен мәдениет қайраткерлері өз таңдауын жасап, дауыс берді

Ерік Жолжақсынов, Асылхан Төлепов, Ибрагим Ескендір, Аян Өтепберген секілді өзге де әртістер, актерлер мен әншілер сайлау процесіне қатысты, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

ҚР еңбек сіңірген әртісі, Астаналық цирктің бас директоры Ерік Жолжақсыновтың айтуынша, сайлау —бұл әрбір кәмелетке толған қазақстандықтың азаматтық кемелдігі мен саяси жауапкершілігіне емтихан.

«Мен өз таңдауымды жасадым, әрбір отандасымды осыған шақырамын. Бүгін біздің еліміз үшін өте маңызды күн. Біз өз болашағымызды таңдаймыз. Қазақстанның таяу жылдары қалай дамитыны біздің бүгінгі қадамымызға байланысты», — дейді мэтр.

Актер, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Асылхан Төлепов те Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарын сайлау күні қазақстандықтар ел тағдырына немқұрайлы қарамауы және өзінің азаматтық ұстанымын білдіруі тиістігіне сенімділік білдірді.

«Біз отбасымызбен түске дейін дауыс бердік. Мен үшін сайлау – бұл ел өміріндегі маңызды оқиға, оның дамуындағы маңызды кезең және оның даңқты шежіресіндегі жаңа тарау. Отандастар таңертең белсенділік танытып, өздерінің азаматтық парызын орындау үшін сайлау учаскелеріне баруға асығуда», — деп жас актер өз ойымен бөлісті.

Естеріңізге сала кетейік, сайлау учаскелері 10 қаңтар күні 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Белсенді сайлау құқығына ие Қазақстан азаматтары өз таңдауын жасай алады, яғни сайлау күні олар 18 жасқа толуы тиіс.

Қала тұрғындары дауыс беру үшін өз учаскесін онлайн-режимде ЖСН, тегін, атын, әкесінің атын және туған күнін не сайлаушы тіркелген нысанның (көше, үй) мекенжайын көрсете отырып, анықтай алады:

1) әкімдіктің веб-порталы; astana.gov.kz. (баннердің басты бетінде «astana.gov.kz/ru/polling/poisk-izbiratelnogo-uchastka» өз сайлау учаскеңізді табыңыз»);

2) Smart Astana мобильді қосымшасы («Қалалық қызметтер» бөлімінде);

3) @smartastana_bot телеграм-боты («қызметтер бөлімінде).

Сондай-ақ, интернетке шығу мүмкіндігі жоқ жұрт үшін 109 iKomek бірыңғай байланыс орталығы жұмыс істейді. Осы телефон нөміріне қоңырау шалып, азаматтар өз учаскесін таба алады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109