Нұр-Сұлтанда сайлауға 16 мыңнан астам адам алғаш рет қатысты
Бүгін, яғни 10 қаңтарда елордада 2 199 астаналық туған күнін атап өтуде. Оның үстіне бұл күні 31 адам кәмелеттік жасқа толып отыр. Ал сайлауға 16 316 қала тұрғыны алғаш рет қатысты, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты
Бүгін елорданың жас тұрғыны Бауыржан Ақшабаевтың өмірінде екі маңызды оқиға болып отыи. Бұл күні ол кәмелеттік жасқа толып қана қоймай алғаш рет дауыс беруге қатысты.
«Сайлауға неліктен қатысу керек? Мен үшін оның жауабы өте қарапайым. Әр азамат өз елінің өміріне араласуы керек. Бұл — ерекше сезім. Қазақстан азаматы екендігіме және тарихи сәттерге араласатыныма қуанып әрі мақтанып отырмын», — деп Бауыржан өзінің сезімімен бөлісті. Ол туған күні №87 учаскеге барып, өзінің ересек өміріндегі азаматтық алғашқы борышын орындады.
Сондай-ақ, Бауыржан құрдастарын өзінен үлгі алуға және болашаққа сеніммен қарауға кеңес берді.
«Әлемді өзгерту үшін өзгерісті алдымен өзіңнен бастау керек. Сайлау — бұл азаматтық жауапкершілікті көрсету және еліміздің тағдырын өзгерту үшін ең қолайлы сәт», — деді жас сайлаушы.
Бауыржан Ақшабаевқа алғашқы сайлаудан естелік ретінде Абай Құнанбайұлының кітабы сыйға берілді.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz