5269

Елордада ғасыр жасаған кейуана сайлауға қатысып, дауыс берді

Елордада «Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы» РМК-ның 229 жабық сайлау учаскесінде Күләш Әскеева дауыс берді. Биыл ол 100 жасқа толады, деп хабарлайды қалалық әкімдік Елорда Инфоға сілтеме жасап.

Күләш Әскеқызы — мемлекет және саяси қайраткер. Әр жылдары Талас ауданының Крупская атындағы жеті жылдық мектебінде мұғалім, директор болып жұмыс істеді. Комсомол комитетінің бірінші хатшысы, Жамбыл облыстық комсомол комитетінің нұсқаушысы, Кеген ауданы комсомол комитетінің бірінші хатшысы, Жамбыл ауданы партия комитетінің нұсқаушысы, Красногор ауданы партия комитетінің бөлім меңгерушісі, БКП(б) Красногор аудандық комитетінің үшінші хатшысы, бірінші хатшысы, Қазақ КСР әлеуметтік қамсыздандыру министрінің орынбасары қызметтерін атқарды.

Күләш Әскеқызы КСРО Жоғарғы кеңесінің 3-ші шақырылымының депутаты болып сайланды.

«Ол кісі жылы шыраймен қарсы алып, алғысын білдірді. Еліміздің өркендеуін тіледі. Күләш Әскеқызы саяси білімді, сайлау туралы ақпараттың бәрінен хабардар. Барлық 5 партияны, олардың бағыттарын біледі. Елімізде болатын сайлауларға тұрақты қатысатынын айтты. Ол Мәжіліс пен мәслихат бюллетендерін өз бетімен оқып шықты», — деді сайлау комиссиясының төрайымы Гүлжан Ысқақова.

Оның айтуынша сайлаушылар сайлауға үлкен қызығушылық танытып отыр.

«Бәрі азаматтық ұстанымын көрсетті. Келген сайлаушылар көңілді келіп қатысып жатты. Сайлау учаскесінде музыка ойнап, сайлаушылармен бірге әнұран шырқалды», — деді сайлау комиссиясының төрағасы.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109