ҚХА Кеңесі Мәжіліс депутаттығына 9 кандидат ұсынды
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық Заңына және «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» ҚР Заңына сәйкес Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына 9 кандидат ұсынды. Бұл туралы қалалық әкімдіктің ресми сайты Елорда Инфоға сілтеме жасап хабарлайды.
ҚХА атынан Мәжіліс депутаттығына ұсынылған кандидаттардың тізімі:
1. Абдрахманов Сауытбек Абдрахманұлы — VI сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, ҚХА мүшесі.
2. Амирханян Аветик Рубенович — «Масис» Батыс Қазақстан облыстық армян этномәдени қоғамдық бірлестігінің төрағасы, ҚХА мүшесі.
3. Бұларов Ілияс Юсупұлы — Жамбыл облысы Қордай ауданы Сортөбе ауылдық округінің әкімі.
4. Дементьева Наталья Григорьевна — Көкшетау қаласы білім бөлімінің «Техникалық лицей» КММ директоры.
5. Ли Юрий Виссарионович — «Қазақстан коллекторларының ұлттық палатасы» ЗТБ төрағасы, ҚХА Кәсіпкерлер қауымдастығының мүшесі.
6. Нәбиев Вакиль Гусейнұлы — «Барбанг» күрдтер қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің вице-президенті, ҚХА мүшесі.
7. Осин Шамиль Абзалетдинович — «Шығыс» фермерлік шаруашылығының басшысы, ҚХА мүшесі.
8. Тохтасунов Владимир Имтахунович — «ЖетісуОблГаз» ЖШС бас директоры.
9. Хамедов Әбілфас Мүслімұлы — «Әзербайжандар қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы, ҚХА мүшесі.
Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясы — Ассамблея мүшелерінің жиналысы Ассамблеяның жоғары басқарушы органы болып саналады. Сессияның айрықша құқығы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің тоғыз депутатын сайлау болып есептеледі.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz