6295

Былтыр елордада «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында 16 мыңнан астам адам жұмысқа орналасты

Биыл ел астанасында «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы жалғасын табады. Былтыр елордада аталмыш бағдарлама аясында 16 мыңнан астам адам жұмысқа орналасты, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты.

Жұмыссыздықпен күресу — ел экономикасының өркендеуіне септігі мол қозғаушы күш. Бұл қашанда өзекті тақырып болып келеді. Осы бағытта Үкімет басындағылар жұмыссыздықпен күресудің бар амалын жасап жатыр. Республика көлемінде «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың» 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» жүйелі жүргізіліп келеді. Қазір көпшілік бұл жобаның шарапатын көруде. Бірі жұмысқа тұрса, енді бірі жаңа кәсіп үйреніп, жеке бизнесін ашып жатыр.

Өткен жылы әлем дүрбелеңге түскен індет кезінде көптеген кәсіпорын мекемелерде жұмыс орындары қысқартылып, кейбір азаматтар жұмыссыз қалды. Осы кезде Президенттің бастамасымен «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы қабылданды. Бағдарлама аясында Нұр-Сұлтан қаласында 16 077 адам жұмысқа орналасты. Халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы 8 175 адам жұмыс тапса, жобаны жүзеге асырушы мердігерлерлер арқылы 7 902 адам жұмысқа орналасты.

«Жол картасы» бойынша жұмысқа орналасқандар: құрылысшы, сантехник, дәнекерлеуші, клинингтік қызмет көрсетушілер, ауыр жүк көліктері мен кран жүргізушілері, жол жөндеуші, аспаз, есепші, бетоншы, техникалық сатып алулар бойынша маман, инженер, электр маманы. Бағдарлама аясында мектептер, ауруханалар, құрылысы тоқтап тұрған көпқабатты тұрғын үйлер жөнделіп, инженерлік-көлік инфрақұрылымдарға күрделі орташа және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, көгалдандыру абаттандыру бойынша құрылыс саласына қатысты бос жұмыс орындары ұсынылады.

Яғни, 2020 жылы елордада 149 инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылды. Осы жобаларды жүзеге асырған мердігер мекемелерде 1 469 адам тұрақты жұмысқа орналасты. Нұр-Сұлтан қаласы жұмыспен қамтудың жол картасы бағдарламасын жүзеге асыруда биыл жоғары нәтиже көрсетті. Жұмыспен қамтудың жол картасы — уақытша жұмыс түріне жатады. Бағдарламаға қатысушылар 85 000-250 000 теңге көлеміне жалақы алады. Ол жұмыскердің қызметі мен атқарған жұмысына байланысты тағайындалады.

Жол картасы бағдарламасы биыл тағы жалғасады. Бағдарлама туралы толық мәлімет алу үшін 7(7172)57 89 37, 57-88-89, 24-83-02, 8 776 146 49 09 номеріне хабарласып білуге болады. Сондай-ақ, Халықты жұмыспен қамту орталығы Бейбітшілік көшесі, 25, «Өркен» Іскерлік Орталығында орналасқан.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109