8464

Елордадағы ЖЭО-2-ні жаңғырту зиянды қалдықтарды реттеуге мүмкіндік береді

Нұр-Сұлтанда ЖЭО-2-де қазандық пен құбыр арасында электр сүзгі орнатылмақ. Соның нәтижесінде атмосфераға зиянды қалдықтар тарамайды. Бұл туралы қала әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

«Қаланы аралау кезінде ЖЭО-2-де іске қосылған алтыншы турбинаның жұмысымен таныстым. Электр қуатының өсімі 120 МВт құрап отыр. №8 қазандық іске қосылғаннан кейін жылу қуатының өсімі 180 Гкал құрайтын болады.

Сонымен бірге, қазандық пен мұржаның арасына электростатикалық сүзгі орнатып, іске қосамыз. Ол зиянды қалдықтарды тұтып қана қоймай, реттеу (сүзу) жұмыстарын атқарады. Осылайша, газ қалдықтары қоспасыз шығады.

Бұдан басқа, nid-технология жүйесін (күкірттен айырудың интеграцияланған жаңа жүйесі) іске қосуды жоспарлап отырмыз. Бұл күкіртті сүзуге мүмкіндік береді. Бұған дейін, ЖЭО-1 және ЖЭО-2 су жылыту қазандықтары газға көшірілген еді. Барлық шаралар қала экологиясына оң әсер етеді. Бұл жұмыстарды жалғастырамыз», — деп жазады қала әкімі.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109