15337

Нұр-Сұлтан «қызыл» аймаққа кірудің алдында тұр – санитарлық дәрігер

Елорда «сары» мен «қызыл» аймақтардың түйіскен тұсына келді. Қазіргі уақытта «қызыл» аймаққа өтіп кетудің алдында тұр. Бұл туралы қаланың бас санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова мәлімдеді. Соңғы күндері COVID-19 инфекциясын жұқтырушылар саны 100 адамнан асып жығылатыны белгілі.

«Бірінші кезекте, бұл тәулігіне тапсырылатын тест санының артуымен байланысты. Егер бұрын 2-2,5 мың адам тапсырса, қазір тәулігіне 4,5 мыңға дейін жетеді. Сонымен қатар, жаңа жылдық мерекелерден кейін инкубациялық кезең өтеді. Яғни, санитарлық нормаларды елемеген адамдар бар.

Енді бағытты түзеп, коронавирустың таралуын азайту керек. Бұған бізге карантиндік шектеу шаралары айтарлықтай көмектеседі. Қазір қосымша карантиндік шаралар енгізу туралы жаңа қаулы дайындап жатырмыз. Бұл қаланың әртүрлі аудандарында коронавирустың таралу ошақтарын оқшаулауға көмектеседі», — деді қаланың бас санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова.

Қаланың санитарлық дәрігері С.Бейсенова санитарлық нормаларды қатаң сақтау қажеттігін, осы ғана бүкіл ағзаның жұмысына теріс әсер ететін ауруға қарсы панацея болып саналатынын атап өтті.

«Коронавирус адамның ең әлсіз мүшелеріне әсер етеді. Бұл әсіресе артерияларда, тамырларда және өкпеде қан ұйығыштардың (тормб) пайда болуына әкеледі. Сондықтан өз денсаулығыңызды да, жақындарыңыз бен айналаңыздағы адамдардың денсаулығын да ойлау керек», — деді қаланың бас санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109