2753

Нұр-Сұлтанда санитарлық нормаларды сақтау бойынша мониторингтік іс-шаралар жалғасып жатыр

Елорда әкімдігінің мобильді тобы полиция, СЭС қызметкерлерімен және еріктілермен бірлесіп, Нұр-Сұлтан қаласының бас санитарлық дәрігерінің қаулысының сақталуын тексеру үшін кезекті мониторинг жүргізді.

Мониторингтік іс-шаралар барысында сауда-ойын-сауық орталықтары, мейрамханалар, кафелер секілді нысандар тексерілді. Нысандар санитарлық-эпидемиологиялық қатаң талаптарды ұстануы міндетті.

«Саннормалар сақталмайтын, сондай-ақ адам көп жиналатын орындар коронавирус инфекциясының таралуында жоғары қауіп тудыратыны белгілі. Түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Негізгі ереже — санитарлық нормаларды қатаң сақтау. Нысандардың кіреберісінде санитайзерлер орнатылуы керек, ал қызметкерлер мен келушілер бетперде киюі қажет. 1,5-2 метр қашықтықты сақтау маңызды. Санитарлық нормалардың сақталуын бақылау жөніндегі мобильдік топтар өз жұмысын ары қарай да жалғастыра береді», — деп атап өтті Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы сауда және қызмет көрсету саласын дамыту бөлімінің басшысы Руслан Ыдырысов.

Естеріңізге сала кетейік, Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес сауда орталықтары жұмыс күндері 22.00-ге дейін істейді, ал демалыс күндері жұмыс істемейді. Бұдан басқа, мейрамханалар мен дәмханалар жұмыс күндері және демалыс күндері 20.00-ге дейін (30 отыратын орыннан аспауы керек) қызмет көрсетеді. Маска режимі сақталуы тиіс.

Айта кетейік, елорда коронавирус бойынша «қызыл» аймаққа еніп кетті.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109