2849

Бірнеше мәрте пайдалануға болатын экодорба: елордалық супермаркеттердің бірінде 10 мың данасы таратылады

Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасы мен «Астана жастары» КММ-ның ұйымдастыруымен елордада «Біз – таза қала үшін!» экологиялық акция басталды. Экологиялық акция аясында бір апта ішінде еріктілер «Анвар» гипермаркетінің келушілеріне «Eco Friend» ЖШС өндірген 10 мыңға жуық экодорба таратады. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты Елорда Инфоға сілтеме жасап хабарлайды.

Науқанның мақсаты – қоғам назарын экология мен қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне аудару. Осы арқылы жүздеген жылға дейін ыдырамай, экологияға зиян келтіретін полиэтилендік дорбадан біртіндеп арылу көзделген.

«Eco Friend» ЖШС шығарған экодорба 7 келіге дейінгі затты көтеруге қауқарлы. Сонымен қатар оны бір рет емес, бірнеше мәрте пайдалануға болады. Негізгі бағасы – 70 теңге.

«Біз планетаның таза болғанын қалаймыз. Экологияның тазалығына қолдау көрсете отырып, біз жаңа деңгейге өтуіміз керек. Экодорбаларды, сөмкелерді қолдана отырып, біз экологияға, қоршаған ортаға, табиғатқа пайдамызды тигізе аламыз. «Анвар» сауда желісі өтінішімізді қабыл алып, осы акцияға қатысып жатыр. Жалпы, тұрғындар осы дорбаны пайдалану арқылы атмосфераға зиян тигізетін полиэтилендік дорбалардан арыла алады. Экодорбаның тағы бір тиімділігі оны қайта өңдеуге болады», – деді «Eco Friend» ЖШС негізін қалаушы Алма Төлебаева.

Оның айтуынша, аталған компания ай сайын 700 мың экодорба шығарады. Зауыт елордада орналасқан. Заманауи құрал-жабдықпен қамтамасыз етілген. Нарықта жұмыс істеп келе жатқанына екі жыл болған.

Ұйымдастырушылар бұл экологиялық акцияның жыл бойы жалғасатынын атап өтті.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Астана жастары» КММ басшысының орынбасары Аян Ерментаевтың айтуынша, бұл науқан алда SMALL сияқты басқа да Нұр-Сұлтан қаласындағы бірқатар супермаркеттер мен гипермаркеттерде өткізіледі.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109