2656

Елорда әкімі Алтай Көлгінов акселераторлық даму жұмыс тобының қатысушыларымен кездесті

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында 2019 жылдың қыркүйек айынан бері елордада бірегей жоба, яғни қала тұрғындарының мәселесін тез арада шешуге мүмкіндік беретін қалалық акселератор іске қосылды. Жоба белсенді азаматтар мен жеке компанияларға, қоғамдық бірлестіктерге және қала әкімдігінің салалық құрылымдарына бірігіп жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Жұмыс үш бағыт бойынша жүргізіледі: ТКШ (МИБ) саласы, қаланың санитарлық тазалығы (көгалдандыру) және қоғамдық көлік.

Коронавирус пандемиясына қарамастан қалалық акселераторлық даму бойынша елорда әкімдігі жұмысты тоқтатқан емес. Бүгін елорда әкімі Алтай Көлгінов онлайн режимінде акселераторлық даму жұмыс тобының қатысушыларымен кездесу өткізіп, маңызды мәселелерді талқылады.

Бірінші. МИБ-ті (меншік иелері бірлестігі) енгізу бойынша жұмыс жалғасып келеді. Елордада 198 МИБ құрылған. Бүгін қала тұрғындары қажетті ақпаратты ала алатын ортақ алаң құру мәселесі көтерілді. Сонымен қатар оларға ТКШ саласында заңдық, кеңес тұрғыда және техникалық қолдау көрсетіледі. Бұл ретте түсіндіру жұмыстарын жүргізу маңызды.

Екінші. Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ базасындағы көпқабатты тұрғын үйлерді басқару және күтіп ұстау бойынша «Қалалық модератор» бағдарламасы арқылы ТКШ саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттырамыз. Сонымен қатар МИБ жұмысы бойынша тәжірибесімен бөлісе алатын мамандарды тарту жөнінде IQamal қауымдастығынан да ұсыныс келіп түсті.

Үшінші. Сондай-ақ қоғамдық көліктер интервалы мен уақытын қысқарту да қалалық акселераторын дамыту жұмысының оңды нәтижесі болып саналады. Сонымен, тұрғындарға жүргізілген сауалнамаға сәйкес, 5 автобустың қозғалыс сызбасы түзетіліп, көлікті күту уақыты 5-12 минутқа қысқарды. Сонымен қатар келіп түскен өтініштерге сәйкес, С.Сейфуллин және Ш.Уәлиханов көшелерінің қиылысындағы солға қарай бұрылыста қоғамдық көліктердің жүргізушілерінен басқа автокөлік тізгіншілеріне тыйым салынды. Бұл көлік нөпірі кезінде автобус күту уақытын қысқартып, аталған учаскені жеңілдетуге мүмкіндік береді.

Төртінші. Өткен жылдың күзінде «Баспана орталығы» ашылды (Республика даңғылы, 32), онда тұрғындар «бір терезе» қағидасы бойынша тұрғын үй саласы жөнінде мемлекеттік қызмет ала алады. Орталық ашылғаннан кейінгі 3 ай ішінде орталыққа 15 мың тұрғын жүгінді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109