1973

Нұр-Сұлтанда бүлдіршіндерді құтқарған жастар марапатталды

Бауыржан Қуатұлы, Нариман Бейсембайұлы, Ержан Жанатұлы ерліктері үшін алғыс хаттармен марапатталды. Жақында олар өзендегі қар құрсауынан үш баланы аман алып қалды, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

ҚР ҚК Ұлттық әскери-патриоттық орталығының қабырғасында өзеннен 8 жасар баланы және оны құтқарғысы келген екі әпкесін аман алып шыққан елорда тұрғындарын марапаттау рәсімі өтті.

«Балаларға көмекке келіп, нағыз ерлік көрсеттіңіздер. Мұзды суға түсуге екінің бірі ұмтылмайды. Жастарымыздың арасында сіздер сияқты ержүрек жігіттер бары қуантады. Біз сіздердің ата- аналарыңызға осындай батыл жастарды, нағыз патриоттарды тәрбиелегені үшін алғыс білдіреміз», — деді Нұр-Сұлтан қаласы жастар саясаты мәселелері басқармасының өкілі Ақұлан Тастемір.

Ақұлан Тастемір сондай-ақ құтқарылған балалардың отбасына атаулы көмек көрсетілетінін атап өтті.

Бауыржан Мұқышевтың айтуынша аязды күні, яғни 12 қаңтарда ол өрт сөндіру бөліміне жұмысқа орналасу үшін кетіп бара жатқан беті екен. Содан Сарыбұлақ өзенінің жанынан өтіп бара жатқанында балалардың айқайын естіпті.

«Мен жүгіріп жеткенімде көпірдің астында бір баланың суға малынып тұрғанын, ал оны екі қыз ағын сумен алып кетпес үшін ұстап тұрғанын көрдім. Баланы шығарып, тікесінен тік қойсам, аяғын баса алмай тұр. Содан өз күртешемді шешіп, орап қойдым. Жалғыз болғандықтан, дауыстап көмек сұрадым», — деді Бауыржан.

Қуанарлығы, сол маңайға таяу жерде Нариман Секен мен Ержан Шекенов болыпты. Жігіттер көмекке ұмтылып, балаларды үйіне алып барды, сол жерде жедел жәрдем бригадасын шақырды. Дәрігерлер келгенге дейін олар зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсетті.

«Сол күні аяз шықырлап тұрды, балалар мектеп киімінде суға түсіп кеткен. Олардың киімдері су болып, артынан мұз болып қатып қалды. Аяғындағы етіктің әрқайсысы 5 кг болған шығар», — деп Нариман Секен сол күні басынан кешкенін айтып берді.

Құтқарылған балалардың тағы үш қарындасы бар, ал анасы жетінші баласына аяғы ауыр екен.
Жігіттер өз әрекетін ерлікке пара-пар санамайды. Олардың орнында кез келген адам осындай қадамға барады деген пікірде.

«Біз керек уақытта қажет жерден табылдық. Бастысы балалар аман-есен. Өз ісімді ерлік деп санамаймын. Менің орнымда басқа біреу болса қолынан келгенін жасар еді», — дейді Ержан Шекенов.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109