2163

Елорданың қоғамдық ұйымдары мониторингтік топтардың құрамына кіреді

Елорданың бас санитарлық дәрігерінің ақпаратына сәйкес, коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылық көрсеткіші 1,8 есеге артып, 100 мың тұрғынға шаққанда 1 757-ге жуықтады, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

Бүгін елордада қала әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкеннің қатысуымен коронавирустық инфекцияға қарсы іс-қимыл жөніндегі жедел штаб отырысы өтті. Іс-шарада СOVID-19 инфекциясының таралуына жол бермеу бойынша қабылданып жатқан шаралар қаралды, сондай-ақ мобильді топтардың демалыс және мереке күндері ШОБ субъектілері мен тұрғындардың карантиндік шараларды сақтауы бойынша жұмысы талқыланды.

«Қазіргі уақытта елорда стационарлық төсектердің жеткілікті санымен қамтамасыз етілген және науқастарды амбулаториялық деңгейде емдеу үшін барлық жағдай жасалған. Уақтылы диагностикалау үшін ПТР-зертханалардың саны 23-ке дейін арттырылды, тәуліктік қуаттылығы 12 700-ден астам зерттеуді құрайды. Алдын алу шараларының маңызды бөлігі тұрғын үй кешендері мен қаланың қоғамдық кеңістігін дезинфекциялық өңдеу болып саналады», — деді Сархат Бейсенова.

Отырысқа қатысушылардың айтуынша, қазіргі уақытта коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында бірнеше бағытты көздейтін тұтас шаралар кешені жоспарланған. Бұл аурулардың алдын алу, ерте анықтау, тиімді емдеу, вирус тасымалдаушыларын зертханалық тексеру, науқастар мен байланыста болған адамдарды оқшаулау.

Сонымен қатар, елордада ШОБ нысандарының карантиндік шаралар мен санитарлық талаптарды сақтауы бойынша мониторингтік топтардың қызметі жалғасуда. Өткен жылдың екінші жартыжылдығында мониторингтік топтар Нұр-Сұлтанда 5000-нан астам рейдтік іс-шара өткізді. Мысалы, 2020 жылдың 9 қазанынан бастап осы жылдың 17 қаңтарына дейін аралау барысында 1309 бұзушылық анықталды.

Айта кету керек, карантин режимін қасақана бұзушыларға қатысты материалдар сотқа жіберіледі. Елордалық әкімшілік соттың шешімімен бірқатар мекеменің қызметі тоқтатылды.

Әкім орынбасарының айтуынша, кәсіпкерлік субъектілерінің санитарлық нормаларды сақтауын бақылауды күшейту үшін мониторингтік топтардың құрамына қоғамдық ұйымдарды тарту қажет.

«Бүгінде коронавирустық инфекцияның алдын алу бойынша жұмысты жалғастыру өте маңызды. Халық арасында ары қарай да ақпараттық жұмыс жүргізу қажет. Жалпы, КВИ таралуына жол бермеу бойынша күш- жігердің барынша үйлесімді және нақты болуы өте маңызды», — деп атап өтті Бақтияр Мәкен отырысты қорытындылай келе.

Еске салайық, елорда коронавирус бойынша «қызыл» аймаққа еніп кетті. Маска режимі ары қарай да сақталады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109