3099

ӘМСҚ кәсіпкерлерге МӘМС түрінде мәртебе алу үшін қызметкерлер тізімін жаңарту керектігін еске салады

Соңғы мәліметтер бойынша, елордада шағын және орта бизнестің 33 585 субъектісі бар. Оның ішінде 59,9%-ы өз деректерін ақпараттық жүйеде жаңартқан, ал 40,1%-ы мұны әлі жасаған жоқ, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры 2021 жылдың 25 қаңтарына дейін шағын және орта бизнес кәсіпкерлері жеңілдікті санаттарына жататын өз қызметкерлерінің деректерін (ЖСН) msb.fms.kz сілтемесі бойынша «Saqtandyry» ақпараттық жүйесіне енгізіп, жаңартып отыруы тиіс екенін еске салады. Уақытылы енгізілмеген жағдайда қызметкерлер сақтандыру мәртебесінің болмауына байланысты МӘМС жүйесінде медициналық көмекке жүгіне алмайды. Бұл іс-шараны шағын және орта бизнес өкілдері тұрақты түрде есепті айдан кейінгі айдың 25-не дейін жүргізуі керек», - дейді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының директоры Нұрлыбек Қабдықапаров.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылғы қарашада Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 қазандағы №721 қаулысы шықты, құжатқа сәйкес жеке практикамен айналысатын адамдар, сондай-ақ микро, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін жалдамалы қызметкерлер үшін аударымдарды төлеуден босатылған болатын.

Пандемия кезінде «нөлдік мөлшерлемені» қолданған ШОБ тізіміне сауда, көлік және техникалық қызмет көрсету, білім беру, медицина, туризм, мейрамхана-қонақ үй ісі, ойын-сауық саласы, бағдарламалық қамтамасыз ету, фитнес және т. б. субъектілер кірді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109