Елорда әкімі Алтай Көлгінов кезекті рет тұрғындарды онлайн-форматта қабылдады
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында осы айдың басынан бері аудан әкімдерімен бірлесе 400-ден астам тұрғынды қабылдағанын мәлім етті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
«Бүгін 12 тұрғынды онлайн қабылдадым. 20-дан астам сұрақ қамтылды. Азаматтарды апта сайын онлайн режимде қабылдап тұрамыз. Бұл "халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасы аясында кері байланысты айтарлықтай нығайтуға, қойылған сауалдарға дер кезінде әрекет етуге мүмкіндік береді.
Қабылдауда көтерілген мәселелер медициналық көмек алу, білім алу, жұмысқа орналасуға жәрдемдесу, тұрғын үй бағдарламаларына қатысу және т. б. қатысты.
Осы айдың басынан бері әкім орынбасарлары және аудан әкімдерімен бірлесе 400-ден астам тұрғынды қабылдадық», - деп жазды қала әкімі.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz