3630

Нұр-Сұлтанда газдандыру жұмысы жалғасып жатыр

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Instagram парақшасында газдандыру жұмысы қалай жүргізіліп жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«Қаланы газдандыру 3 кезеңнен тұрады. Қазір Көктал-2 елді-мекені тұрғындарының үйлерін көгілдір отынға қосу және жұмыстарды қабылдау жүріп жатыр. Бұған дейін осы елді-мекенде ішкі желілерге газ берілді. Сонымен бірге, газ Железнодорожный елді-мекеніне де беріліп, қараша айында орталықтандырылған газбен жабдықталды. Жалпы, қала ішіне 300 шақырымнан астам газ құбырлары тартылды», - дейді әкім.

Оның айтуынша 800 үй техникалық шарттарға сәйкестік құжатына қол жеткізіп, 5 мыңнан астам адам фронт-офистерде кеңес алды. Тұрғындарға ақысыз берілетін есептегіштер қарастырылған.

«Елорданы газдандыру - Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи жобасы. Қаланы газдандыру процесі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ерекше бақылауында. Елорданы газдандыру зиянды қалдықтарды төмендетуге мүмкіндік береді. Қаланың экологиясы жақсарады, ал бұл - тұрғындардың денсаулығына жағымды әсер етеді», - деп жазды Алтай Көлгінов.

Фото: Александр Куприенко

 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109