4025

Нұр-Сұлтанда жұмыс істейтін жастарға пәтер кілттері берілді

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов жұмыс істейтін жастарға жалға берілетін баспананың кілтін табыс етті. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты  әкімнің Instagram парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

«Елбасының тапсырмасына сәйкес, 2019 жылдан басталған – жұмыс істейтін жастарға жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасын жалғастырамыз. Бүгін оларға Алматы ауданы, Қордай көшесі, 76-үйде 350 пәтер берілді. «Қадамдық қолжетімдік» қағидатына сәйкес, үй маңында денсаулық сақтау және білім беру нысандары бар. Бұл аумақты көктемде абаттандырамыз: ағаштар отырғызып, орындықтар орнатамыз», – деп жазады қала әкімі.

Оның айтуынша пәтерлер тек 5 жылға беріледі. Осы уақыт ішінде жұмыс істейтін жастар аяққа тұрып, басқа тұрғын үй бағдарламаларына қатысу үшін қаражат жинай алады. 2021 жылдың соңына дейін оларға тағы 1050 пәтер беріледі.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2020 жылы жеңілдікпен берілетін тұрғын үй көлемі 3 есеге ұлғайды. Жеңілдікпен берілетін тұрғын үй құрылысы бойынша ауқымды жұмыстарға Үй құрылыс комбинаты көмектеседі. Инновациялық технологиялар – құрылыс мерзімін қысқартуға, тұрғын үйдің өзіндік құнын төмендетуге және үйлердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Егер былтыр 7 мыңнан астам пәтер берілсе, биыл бұл көрсеткішті 10 мыңға дейін арттырамыз. Тұрғын үй мәселелерін шешу бойынша жүйелі жұмыс жалғасады», – дейді Алтай Көлгінов.

Фото: Александр Куприенко

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109