3184

«Астана дарыны» орталығы мен «Co-Make» елордалық педагог-психологтарға инклюзивті білім беру бойынша оқыту курсын өткізді

«Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы «Co-Make» ҚҚ бірлесіп, педагог-психологтер үшін «Мектепте инклюзивті білім беру форматында педагог-психологтың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру» бағдарламасы бойынша осы жылдың 19-24 қаңтар аралығында оқыту курсын өткізді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Курстың мақсаты - мектеп жағдайында ерекше білім алуға қажеттілігі бар балаларды кешенді психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу үшін инклюзивті білім беру форматында жұмыс істейтін мектеп педагог-психологтарының кәсіби құзыреттілігін арттыру.

Оқыту онлайн және қашықтықтан мемлекеттік тілде 4 блок бойынша жүргізілді.

3-4 блок бойынша А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің дефектология кафедрасының доценті, арнайы және инклюзивті білім беру кафедрасының  аға оқытушысы, философия ғылымдарының докторы (PhD) Айнагүл Рымханова «Ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс жүргізуде педагог-психологтің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру» тақырыбы бойынша инклюзивті тәжірибе субъектілерін психологиялық-педагогикалық қолдау, жалпы білім мектепке баратын психикалық дамуында тежелуі бар бала үшін жеке білім беру бағытын әзірлеу және оны іске асыру, инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын мамандардың инклюзивті дайындығы, инклюзивті дайындықтың психологиялық-педагогикалық аспектілері және т.б. мәселелерді теориялық, әдіснамалық және практикалық тұрғыдан түсіндірді.

Оқу курсына күн сайын 111 тыңдаушы (балабақша, мектеп және колледж, арнайы білім беру мекемелерінің педагог-психологтарымен қатар педагогтар, әдіскерлер) қатысып отырды. Оқу әр түрлі формада, яғни лекция, практикум, семинар, тренинг түрінде  өтті. Сабақ соңында кері байланыста алған білімнің мазмұндылығын, тиімділігін және алдағы уақытта өз білімдерін толықтыруға деген қажеттіліктің туындағаны туралы ой-пікірлерін білдірді. Курс соңында тыңдаушыларға электронды сертификат берілді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109