2185

"Рухани жаңғыру" жобалық кеңсесі мен "Business lady Kazakhstan" ынтымақтастық орнатты

Өзара ынтымақтастық туралы меморандум "Рухани жаңғыру" бағдарламасының әлеуметтік жобаларын іске асыру, сондай-ақ әйелдер арасындағы кәсіпкерлікті қолдау мақсатында жасалды, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

Сондай-ақ, іс-шара барысында онлайн режимде жыл сайынғы "Business lady Kazakhstan" байқауының қорытынды дөңгелек үстелі ұйымдастырылды. Онда конкурстың нәтижелері анықталып, қатысушылар марапатталды.

Іс-шараға Нұр-Сұлтан қаласы бойынша "Рухани жаңғыру" жобалық кеңсесінің директоры Ақерке Жұманбаева, "Business lady Kazakhstan" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Сәуле Қайсар және басқа да қоғам қайраткерлері мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

"Меморандум аясында мүмкіндігі шектеулі жандардың әлеуметтік белсенділігін арттыру және қолдау бойынша жобалар қарастырылған. Қазіргі уақытта әйелдер арасындағы әлеуметтік жобаларға ерекше көңіл бөлінуде, осы салаға байланысты түрлі жобалар әзірленіп жатыр", - деп атап өтті Нұр-Сұлтан қаласы бойынша "Рухани жаңғыру" жобалық кеңсесінің директоры Ақерке Жұманбаева.

Дәстүрлі байқауға негізінен ауылдық жерлерден 200-ге жуық әйел онлайн және офлайн режимінде қатысты. Кәсіпкер әйелдер үшін шеберлік сыныптары мен оқыту өткізілді. Онда олар бизнестегі өз дағдыларын көрсетіп, шығармашылық әлеуетін арттырды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109