Сарыарқа ауданының әкімі "Көктал-1" және "Көктал-2" тұрғындарымен кездеседі
27 қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің және "Алматы", "Байқоңыр", "Есіл", "Сарыарқа" аудандары әкімдерінің халық алдындағы жыл сайынғы есеп беру кездесулері басталады. Коронавирус пандемиясына байланысты кездесулер онлайн-форматта өтеді, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.
Қатысуға, өз ауданының әкіміне немесе қала әкіміне сұрақ қоюға тілек білдірушілер тіркеу сілтемесі бойынша өтуі қажет (https://nur-sultan-online.kz/) және тиісті нұсқауларды орындауы керек.
Алғашқы кездесулер бүгін өтеді:
- сағат 11:00-де "Сарыарқа" ауданының әкімі "Көктал-1" тұрғын алабының тұрғындарымен кездеседі.
- сағат 15:00-де "Сарыарқа" ауданының әкімі "Көктал-2" тұрғын алабының тұрғындарымен кездеседі.
Кездесулер Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің YouTube және Facebook ресми аккаунттарында, сондай-ақ ресми сайтында көрсетіледі.
Бұған дейін хабарланғандай, 10 ақпан күні сағат 10:00-де Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновпен қорытынды кездесу өтеді. Сондай-ақ, кездесу елорда әкімдігінің YouTube және Facebook ресми аккаунттарында, ресми сайтында.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz