2728

«30 игі іс»: Еріктілер елорданың қарт адамдарына қалай көмектеседі

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында елордада «30 игі іс» ұранымен әлеуметтік қайырымдылық іс-шаралары өтуде. Мәселен, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "Астана жастары" КММ мен елорда еріктілері бас қаланың қарт тұрғындарына тұрақты негізде көмектесіп келеді, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

“Қазақстанда тұрып келе жатқаныма 61 жыл болды. Еңбек өтілім - 42 жыл. Қазір зейнет жасындамын. Балаларым институттарда оқуына байланысты кетіп қалды. Күйеуім үш жыл бұрын қайтыс болды. Бүгінге дейін маған ешкім көмектескен емес. Еріктілерге алғысым шексіз. Олар тегін көмір әкеп, ауламды қардан тазартып берді. Қазақстан мен үшін туған елімдей болып кетті. Менің барлық шаруама қолғабыс ететін еріктілерге тағы алғыс айтқым келеді", - дейді зейнеткер Лидия Антонюк.

"Астана Жастары" КММ басшысының орынбасары Аян Ерментаев "30 игі іс" акциясы түрлі форматтағы іс-шаралармен жалғасатынын мәлімдеді. Осылайша, еріктілер 2020 жылдан бастап қарт адамдарға үйлерін жөндеуге, көмір түсіруге, ауласын қардан тазартуға көмектесіп жатыр. Сонымен қатар, олар Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің рейдтеріне қатысады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109