2500

Нұр-Сұлтан әкімдігінің әлеуметтік орталықтары қала тұрғындарымен өзара байланысты күшейтті

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің әлеуметтік орталықтары тұрғындармен өзара байланысты және қала тұрғындарының өтініштеріне жедел жауап беруді күшейтті. 2019 жылдың жазынан бастап елордада "Тыңдаушы мемлекет" тұжырымдамасын іске асыру аясында құрылған "Жанұя" отбасы институтын қолдау орталығы (Бейбітшілік, 14) жұмыс істейді. Аталған орталықта елордалық отбасыларға заңгерлік, психологиялық және әлеуметтік көмек көрсетіледі. Тұрғындар "бір терезе" қағидаты бойынша 70-тен астам мемлекеттік қызмет ала алады.

Орталық сондай-ақ АӘК алу, білім алу, өз кәсібін ашу, жұмысқа орналасуға жәрдемдесу жсекілді мәселелер бойынша кеңес береді. Ашылған сәттен бастап орталыққа 45 мыңнан астам қала тұрғыны жүгініп, 65 мыңға жуық мәселе қаралды.

"Жанұя" отбасы институтын қолдау орталығында заңгерлер, психологтар, әлеуметтік қызметкерлер жұмыс істейді. Мұнда аналарға арналған "Кәсіпкер ана" жеке бизнесін дамыту бойынша қолдау орталығы жұмыс істейді. Мекемеде барлық жағдай жасалған: ерекше қажеттілігі бар азаматтарға арналған лифтілер, сондай-ақ орталық қызметкерлері бас-көз болатын балаларға арналған ойын алаңы бар.

Әкімнің азаматтарды қабылдауында көтерілген мәселелердің басым бөлігі - тұрғын үй және тұрғын үй бағдарламаларына қатысу жөнінде. Осылайша, 2020 жылдың күзінде елордада тұрғын үй саласында қызмет көрсететін бірыңғай орталық ашылды (Республика даңғылы, 32). Аталған орталықта тұрғын үй кезегінің нөмірі, кезекке қалай тұру керектігі, түрлі тұрғын үй бағдарламаларының тетіктері секілді сауалдарға жауап алуға болады. Орталық ашылған алғашқы үш айда 15 мың адам жүгінген болатын.

фото: Александр Куприенко

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109