2789

Елордада коронавируспен күресу үшін қандай шаралар қабылданып жатыр

Елорда әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен қаланың қоғамдық кеңесінің отырысында коронавирус пандемиясымен күресу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы түсіндіріп берді.

Мәселен 2020 жылдың басында елордада тек 1 ПТР-зертхана жұмыс істесе, қазір 17 зертхана бар. Сонымен қатар, талдау нәтижелерін күту уақыты бастапқыдай бірнеше күнді емес 4 сағатты алады.

Елордаға 6 қазаннан бастап бортында 59 026 жолаушысы бар 457 рейс қонды, олардың шамамен 10 мың жолаушысы карантиндік стационарға жатқызылды. 74 жолаушыдан коронавирус анықталды, оларға қажетті медициналық көмек көрсетілді.

Карантиндік шектеулердің сақталуын бақылау мақсатында қалада 9 мобильді топ құрылып, 5 мыңнан астам нысан тексерілді. Карантинді бұзушылар жауапкершілікке тартылады. Жедел медициналық жәрдем станциясының базасында call-орталық жұмысын жалғастыруда, онда қала тұрғындары КВИ бойынша кез келген уақытта жүгіне алады.

Сонымен қатар, елорданың барлық медициналық мекемелері қосымша жабдықтармен, дәрі-дәрмектермен, медициналық маскалармен және қорғаныс құралдарымен жабдықталды. Сонымен қатар, қалада медицина студенттерінің резерві жасақталды.

Денсаулық сақтау саласын дамыту туралы айта келе, ол Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес азаматтарды "қадамдық қолжетімділікте" медициналық көмекпен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Мәселен, қалада 29 "үйдегі дәрігер" нысаны 180 мыңға жуық адамды қамтыды. Сонымен қатар, отбасы институтын дамыту мақсатында 4 оңалту орталығы ашылды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109