6127

Нұр-Сұлтанда 2021 жылы 8 жаңа автобус бағыты іске қосылады

Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Ермек Қизатов Қоғамдық кеңес мүшелерімен өткен кездесуде елорданың қоғамдық көлігінің жұмысы туралы түсіндіріп берді.

Қазіргі уақытта қоғамдық көлік жұмысын 6 автобус паркі ұйымдастырады, олардың бірі - коммуналдық, қалғаны – жекеменшік. Қала бойынша 91 маршрут жүреді: 66 қалалық, 24 қала маңындағы және 1 саяжай. Күн сайын желіге 800-ден астам автобус шығады, оның 739-ы қалалық маршруттарға қызмет көрсетеді.

"Өткен жылы біз қаланың бағыт-бағдар желісін жаңарттық, өйткені елорда күн санап өсіп, үлкейіп жатыр. 4 жаңа маршрут іске қосылды, 16 маршрут оңтайландырылды. Қаладағы проблемалы учаскелерге қолжетімділікті қамтамасыз еттік. Ескілерін жаңарттық. Биыл тағы 8 жаңа қалалық маршрутты іске қосуды жоспарлап отырмыз. Бұдан басқа, адам көп жүретін учаскелерге 3 қысқа маршрут қосуды жоспарлап отырмыз", - деді Е.Қизатов.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы 100 электр автобусы сатып алынып, желіге шығарылған болатын. Олар экологияға зиянсыз және атмосфераға ешқандай қалдық шығармайды. Сондай-ақ, желіге тағы 100 осындай автобус шығару жоспарда бар.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109