2936

Нұр-Сұлтанда мұғалімдер, медицина қызметкерлері мен құтқарушылардың құрметіне скверлер ашылады

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында ел астанасын көгалдандыру бойынша атқарылып жатқан жұмысты мәлім етті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

“Елорданы "Нұр-Сұлтан-жайлы қала" мастер-жоспарының тұжырымдамасы аясында дамытып жатырмыз. Биыл тартылыс нүктелері мен жасыл аймақтар айтарлықтай ұлғаяды. Экологияны жақсарту мен қала тұрғындарының уақыт өткізуіне қолайлы орын құру үшін Нұр-Сұлтанды көгалдандырамыз.

Бұдан басқа, аулалар мен қоғамдық кеңістіктерде (саябақтар, скверлер, бульварлар) ағаш отырғызуды жалғастырамыз. Сонымен бірге "Қазақ елі" алаңы, Бейбітшілік және келісім сарайы, Оқушылар сарайы, вокзал, әуежай, СОО, тұрақ кеңістігі және т. б. аумақтарда ағаш отырғызуды жоспарлап отырмыз”, - дейді елорда әкімі.

Әкімнің айтуынша Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, қаланы көгалдандыруға ерекше көңіл бөлінеді. Жалпы биыл 120 мыңға жуық жасыл желек (ағаштар, бұталар) отырғыз жоспарланып отыр. Елорданың жасыл белдеуінде қазір 450 мыңнан астам көшет бар.

“Пандемия бізге денсаулықты сақтау және спортпен шұғылдану қаншалықты маңызды екенін көрсетті. Медицина қызметкерлері, мұғалімдер, құтқарушылар және басқалар коронавируспен күресте алдыңғы қатарда болды. Педагогтар, дәрігерлер мен құтқарушылардың құрметіне тақырыптық гүлзарлар мен парктер ашып, оларды абаттандыруды жоспарлап отырмыз”, - деді қала әкімі.

Сонымен қатар "Астана Балет" маңындағы аумақта жасыл бақ, "Астана Опера" аумағында емен бағы, ал Триатлон паркте сирень бағы салынбақ. Қала жаңа түстермен жарқырай түседі.

“Елорданың әр ауданын көгалдандырамыз. Елбасы сұхбатында елорданың бас жоспары ғимараттардың, жасыл желектер мен орманның симбиозы ретінде жасалғанын атап өтті. Бұл тақырыпты жалғастырамыз: қала тұрғындарының қатысуымен сенбіліктер, экоакциялар өткіземіз. Қаланы көгалдандыруға әркім өз үлесін қоса алады.

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары, сіздер қай жерде көбірек жасыл желекті көргілеріңіз келеді, қаланың қандай аудандары мен орындарын көгалдандыру қажет?” - деп жазады қала әкімі.

Фото: Александр Куприенко

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109