2389

Нұр-Сұлтанның негізгі даму көрсеткіштері Қоғамдық кеңес отырысында талқыланды

Қоғамдық кеңес отырысында қала әкімінің орынбасарлары 2020 жылы атқарылған жұмыстар мен әкімдіктің осы жылға арналған міндеттері туралы айтып берді.

Қала әкімінің әрбір орынбасары Қоғамдық кеңес мүшелерінің алдында өздері жетекшілік ететін салалар бойынша есеп берді.

Мәселен, Бақтияр Мәкен коронавирус пандемиясымен күрес бойынша қаланың қабылдап жатқан шаралары, үш ауысымды мектептердің проблемасын реттеу және білім беру мекемелеріне түсетін жүктемені азайту, "үйдегі дәрігер" нысандарының желісін ұлғайту және бұқаралық спортты дамыту бойынша атқарылып жатқан жұмыстан хабардар етті.

Малика Бектұрова елордаға жеке инвестициялар тарту туралы қозғап өтті. Мәселен, инвестициялық кеңестерде тек 2020 жылы 111 жоба қолдау тапқан, оларды іске асыру 18 мың жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Былтыр қала әкімдігі инвестициялық кеңестер өткізу арқылы рекордты деңгейде 1,1 трлн теңге жеке инвестиция тартты.

Әкім орынбасары сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын ұстап тұру, ШОБ қолдау шаралары туралы мәлім етті.

Нұрлан Нұркенов Қоғамдық кеңес отырысында Тұрғын үй құрылысы мен пайдалануға беру қарқыны, елорданың мастер-жоспарын әзірлеу, абаттандыру және қоғамдық кеңістіктер мен жаңа орталықтар салу туралы есеп берді.

Мәселен, 2019 жылы қалада 1,7 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілсе, 2020 жылы шектеулер мен пандемияға қарамастан, бұл көрсеткіш 3,2 млн шаршы метрге дейін ұлғайды.

Ермек Қизатов қаланың қоғамдық көлігінің жұмысы, әлеуметтік нысандар, тұрғын үйлерге жолдар мен кірме жолдарды салу және жөндеу туралы хабардар етті. Сонымен қатар, ол елорданың энергия және сумен қамтамасыз етілуі туралы айтып берді.

Қоғамдық кеңес мүшелері қаланың экологиялық ахуалы туралы Нұрлан Солтамбековтің есебінен кейін хабардар болды. 2020 жылдың қорытындысы бойынша атмосфераға ластаушы заттар шығарындыларының жалпы саны азайды. Ол қаланың ластану деңгейін төмендету және экологиялық таза көлік түрлеріне кезең-кезеңімен көшу жөніндегі шараларға тоқталды.

Құрылысы ұзаққа созылған үйлердегі үлескерлердің өзекті мәселелерін шешу туралы Асқар Амрин мәлім етті. 2019 жылдың жазында елордада 52 проблемалы нысан болды. 2019 жылы ұзаққа созылған 10 үй салынып, пайдалануға берілді, 2020 жылы тағы 20 үлестік құрылыс нысаны салынды. Бұл жұмыстар бақылауда тұр.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109