2617

Нұр-Сұлтанда апатты күйдегі спорт кешені жөнделді

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында апатты жағдайда тұрған спорт кешенінің жөндеуден өтіп, қайта ашылғанын мәлім етті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
«Халық санының өсуі мен әлеуметтік нысандарға мұқтаждықты ескере отырып, жаңа әлеуметтік құрылыс салу ғана емес, сонымен бірге қолда бар ғимараттарды жөндеп, жай-күйін бақылап отыру керек. Бүгін бірқатар жөнделген спорт нысандарын араладым.
Мысалы, Толқын спорт кешенінде балалар су спорт түрлерімен айналысады. Бірақ ғимарат апатты жағдайда болып, спорт кешені толық жұмыс істемеген. Ғимарат 20 жыл бұрын салынған, осы уақыт ішінде күрделі жөндеу жүргізілмеген.
Негізгі проблемалардың бірі шатырынан – су кетіп тұрған. Бөлмелер суық, ал қабырғалардың сылағы құлап жатты. Қазір қиындықтарының бәрі шешілді, оның ішінде - ц бөлмелердегі ауа айналымы да жақсарды. Құрылыс салушыға ғимараттың қасбеті мәселесін пысықтауды тапсырдым.
Кешенге спорт жабдықтары қосымша сатып алынды. Енді балалар ыңғайлы жағдайда дайындала алады. Бұл бізді қатты қуантарлық жағдайдың бірі.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша спорт нысандарының қолжетімділігін арттыру, бұқаралық спортты көпшілікке тарату және балалар мен жасөспірімдердің спортпен айналысуына қажет жағдай жасау үшін жұмыс істейміз. Өйткені, денсаулықты күту және салауатты өмір салтына бейімделу ерте жастан басталуы керек.
Өткен жылы 150 аула мен 60 қоғамдық кеңістік абаттанды, онда спортпен айналысуға арналған арнайы орындар қарастырылды. Биыл осы жұмысты ары қарай да жалғастырамыз», - деп жазды қала әкімі Алтай Көлгінов.

Градоначальник сегодня при рабочем объезде посетил ряд отремонтированных спортивных объектов.

"К примеру, в спорткомплексе «Толкын» дети занимаются водными видами спорта. Но здание находилось в аварийном состоянии. Спорткомплекс функционировал только частично. СК был построен почти 20 лет назад, за это время капитальный ремонт не проводился. Одной из основных проблем было протекание крыши. В помещениях было холодно, со стен отваливалась штукатурка и т.д. Теперь все данные вопросы решили, в том числе по циркуляции воздуха в помещениях. Застройщику поручил доработать вопрос с фасадной частью здания", - написал аким.

Алтай Кульгинов добавил, что для спорткомплекса дополнительно приобрели спортивный инвентарь. Благодаря этому дети будут заниматься в комфортных условиях.

"По поручению Главы государства работаем по повышению доступности спортивных объектов, популяризации массового вида спорта и по созданию условий для занятий детским и юношеским спортом. Ведь заботиться о физическом здоровье и приобщаться к здоровому образу жизни необходимо начинать с юных лет", - отметил градоначальник.

В заключение аким напомнил, что в прошлом году в столице благоустроили 150 дворов и 60 общественных пространств, где появились специальные места для занятий спортом. Алтай Кульгинов пообещал продолжить работы по благоустройству города.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109