2212

Спорт кешендерін ұтымды пайдалану қажет - Алтай Көлгінов

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында "Астана Арена" стадионы базасында жауынгерлік өнер залы ашылғанын мәлім етті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

«Қала тұрғындарын спортқа бейімдеп, бұқаралық спортты дамыту үшін саябақтар, скверлер, аулалар, жаңа спорт кешендерін саламыз. Спорт кластері пайда болмақ. Спорт мекемелері тек кәсіби ойындар мен қойылымдарды өткізуге ғана емес, сонымен қатар балаларымызды жаттықтыруға да керек. Бұл жастарды ынталандырады. Өйткені, олар белгілі спортшылар жаттығатын кәсіби алаңда жаттығып, одан да көп тырыспақ», - дейді әкім.

Әкімнің айтуынша спортшылар үшін де, балалар үшін де жағдай жасау үшін бірқатар спорт нысандары жөнделіп, "Астана Арена" стадионында өткізілген жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.

"Астана Арена" стадионында футбол алаңы ауыстырылды - енді ол FIFA стандарттарына сәйкес келеді, дренаждық жүйе, ирригациялық жүйе жаңартылды (бұрын алаңды шлангпен суаратын), сондай-ақ, киім шешетін бөлмелерге ағымдық жөндеу жүргізілді.

«Тағы бір маңызды мәселе - спорт мекемелерінің бос орындарын ұтымды пайдалану. "Астана Арена" стадионы базасында жауынгерлік өнер залы ашылды. Онда спорттың 8 түрі дамиды: панкратион, джиу-джитсу, самбо, каратэ, күрес, кикбоксинг және т. б.

Сонымен қатар, үрлемелі футбол корты жөнделді (Жирентаев көшесі, 15, Б, Алматы ауданы). Онда біз көптен бері жарамсыз болып қалған футбол алаңы мен манежді толығымен алмастырдық. Сондай-ақ, киім ауыстыратын бөлмелер мен ғимарат ағымдық жөндеуден өтті», - деп жазады Алтай Көлгінов.

Сонымен қатар, велоспорт бойынша балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне және атыс командасына қосымша жабдықтар берілді.

«Балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерін, федерацияларды одан әрі қолдап, қала тұрғындарын бұқаралық спортқа тарту үшін жағдай жасайтын боламыз», - деп әкім сөзін аяқтады.

Фото: Александр Куприенко

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109