2309

Құрылыс жұмыстарының сапасына жеткілікті назар аудару қажет - Алтай Көлгінов

Елорда әкімі Алтай Көлгінов жетекші құрылыс компанияларымен және банк өкілдерімен кездесті. Кездесуге қатысушылар осы жылға арналған жоспарларды талқылады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Қалада өмір сүруге қолайлы жағдай жасау үшін тұрғын үй мәселесі - ерекше назарда. Жеңілдікпен берілетін қолжетімді тұрғын үй құрылысы, апатты әрі ескі үйлерді сүру, тұрғын үйлерді күрделі жөндеу жұмыстары ерекше бақылауда.

Биыл Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес әлеуметтік тұрғын үй құрылысының көлемін ұлғайтамыз. Жетекші құрылыс компанияларымен және банктердің өкілдерімен кездесіп, осы жылға арналған жоспарларды талқыладық. Өткен жылы елордада рекордтық - 3 млн шаршы метр тұрғын үй салынып, пайдалануға берілді. Өз тарапымыздан құрылыс компанияларымен қоян-қолтық жұмыс істеп, барлық әкімшілік кедергілерді алып тастаймыз, пайдасы жоқ делдалдардан арыламыз», - деп жазады қала әкімі.

Әкім бұдан әрі жаңа үйлерді сумен, кәрізбен және жылумен қамтамасыз ету үшін ЖЭО-3 (1-кезек, жылумен жабдықтау), КОС-2 (кәріздік тазарту құрылыстары) және НФС-3 (Сумен жабдықтау) жобалау мен құрылысы жүргізілетінін мәлім етті.

«Құрылыс компанияларына құрылыс сапасын бірінші орынға қоюды, өндіріс кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуді, жұмысшыларға жалақыны уақтылы төлеуді тапсырдым. Сондай-ақ, аумақтарды абаттандыру мен көгалдандыруға назар аудару да маңызды», - деді Алтай Көлгінов.

Фото: Александр Куприенко

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109