3987

Елордада алғашқы кезеңде вакцинациялауды жүргізетін медициналық мекемелер белгілі болды

Қалалық емханалар вакциналарды қоймадан екпе салдыратын мекемелерге тасымалдауға арналған 20 мұздатқыш және 82 жылу контейнерімен қамтамасыз етілген. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингтен белгілі болды.

Бастапқы кезеңде вакцинация №2, №4, №6, №7, №9 қалалық емханаларында жүргізіледі.

Бірінші кезеңде (ақпан) тәуекел тобына жататын медицина қызметкерлері (жұқпалы аурулар ауруханалары, жедел жәрдем қызметкерлері, алғашқы медициналық көмек көрсету ұйымдары, көпсалалы ауруханалардың қабылдау бөлімдері) қызметкерлері вакцинацияланады. Одан әрі мұғалімдер, полиция қызметкерлері, Қорғаныс министрлігі, Ішкі істер министрлігі және т.б., осылайша кезең-кезең бойынша барлық халық қамтылатын болады.

«Бүгінгі таңда алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарында егу кабинеттері, күту залдары дайындалды, онда вакцинацияланған адамдар вакцинациядан кейін 30 минут ішінде тиісті талаптарды сақтай отырып, медициналық бақылауда болуы керек», - деп толықтырды Т. Мұратов.

Сондай-ақ, Мұратовтың айтуынша, иммундау және вакцинация мәселелері бойынша тұрғындардың сұрақтарына жауап беру үшін "жедел желі" телефон нөмірлері бөлінген.

Сонымен қатар, вакцина салуға болмайтын жайттар да бар. Яғни вакцинаның кез-келген компонентіне жоғары сезімталдық, анамнездегі ауыр аллергиялық реакциялар, жүктілік және бала емізу кезеңі.

Балаларға және 65 жастан асқан адамдарға вакцина салынбайды. Вакцинация ерікті негізде жүргізіледі.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109