3329

Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы тағайындалды

Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы болып Қамбаров Қайрат Телманұлы тағайындалды.

Қайрат Қамбаров еңбек жолын 2010 жылы Астана қаласының Ішкі саясат басқармасында бас маман қызметінен бастаған.

Әр жылдары қала әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас маманы, Қалалық жастар саясаты мәселелері басқармасының мектеп және студент жастармен жұмыс бөлімінің басшысы, елорданың ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.

Соңғы жылдары "Астана қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөлімінің басшысы, Нұр-Сұлтан қаласы "Есіл" ауданы әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарды.

Мемлекеттік қызметтегі жұмыс өтілі 11 жылды құрайды. Қайрат Қамбаров меритократия принципіне сәйкес қалалық әкімдік бөлімінің маманынан аудан әкімі аппаратының басшысына дейін қызмет еткен тәжірибелі маман.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109