Нұр-Сұлтан әкімінің қала тұрғындары алдында есеп беруі 10 ақпанда өтеді
Елорда әкімі Алтай Көлгіновтің қала тұрғындарымен есептік кездесуі 10 ақпанда өтеді. Коронавирус пандемиясына байланысты кездесу онлайн форматта өтеді. Жиынға қатысып, қала басшысына сұрақ қою үшін тіркеу сілтемесі бойынша өтуі (https://nur-sultan-online.kz/) және тиісті нұсқауларды орындауы қажет.
Қала әкімінің есеп беру кездесуі сағат 10:00-ден бастап Нұр-Сұлтан әкімдігінің YouTube және Facebook ресми аккаунттарында, сондай-ақ «Астана» телеарнасы мен Tengrinews порталында тікелей эфирде көрсетіледі.
Естеріңізге сала кетейік, елордада аудан әкімдерінің есеп беру кездесулері 27 қаңтар мен 5 ақпан аралығында онлайн режимінде өтіп жатыр.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz