2143

Елорда тұрғындарын қоқысты бөлек жинауға шақырды

Елордалық қоқыс өңдеу кешенінің аумағына жыл сайын 300 мың тоннаға жуық қоқыс шығарылады. Онда олар бірнеше кезеңнен өтеді: сұрыптау, қайта өңдеу және утилизация. Қала тұрғындары санының өсуін ескере отырып, өндірілетін қоқыс пен қалдықтардың саны да артып келеді. Қазіргі уақытта қаланың әрбір азаматы күніне 1 кг қоқыс шығарады.

Қоқысты қайта өңдеу ластануды едәуір азайтады. Мысалы, пластик бөтелкенің табиғи ыдырауы ондаған жылдарға созылса, оны қайта өңдеу арқылы қоршаған ортаға пайдалы материал шығаруға болады. Осылайша 1 тонна қайта өңделген макулатура 17 ағашты сақтайды, ал 1 тонна қайта өңделген пластик бөтелкелер 1,8 тонна мұнайды үнемдейді.

Экологияның нашарлауына жол бермеу үшін қалдықтарды бөлек жинау өте маңызды рөл атқарады. Осы мақсатта қалада жеке контейнерлер орнатылған. Тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеу деңгейі 75 пайыз, қайталама шикізатты алу 17 пайыз көрсеткішке жетті. Бұл көрсеткіштерді жоспарлы түрде арттыру қажет. Құрамында сынабы бар шамдарды жинау үшін қала бойынша 530-дан астам арнайы контейнер орнатылды. Бүгінгі таңда 500 мыңнан астам данасы жиналып, кәдеге жаратылды.

Бұдан басқа, қоқыс өңдеу зауытын жаңғырту жүргізілуде. Бұл кәсіпорынның қуатын екі есеге жуық, яғни жылына 250 мың тоннадан 450 мың тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Қалдықтарды сұрыптау жартылай автоматты түрге ауыстырылады.

Тұрмыстық қалдықтардан басқа, құрылыс қалдықтарын қайта өңдеу өте маңызды.

Өткен жылы елордада «Солтүстік жотасы» карьерін одан әрі қалпына келтіре отырып, құрылыс қалдықтарын жинауға және өңдеуге арналған алаң құрылысы басталған. Бұл қаладағы экология мен санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды айтарлықтай жақсартады.

«Қоқысты қайта өңдеу арқылы қоршаған ортаға келтірілген зиянды азайтамыз. Қатты тұрмыстық қалдықтарды екінші рет пайдалана отырып, қоқыс полигондарының көлемін азайтып қана қоймай, табиғи ресурстарды да сақтаймыз. Қайта өңдеу ісіне қаланың әрбір тұрғыны атсалысуы маңызды. Сонда ғана оң нәтижеге қол жеткізуге болады» деп атап өтті Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының басшысы Әлия Қожабаева.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109