2212

Елордалық дәрігерлерге астаналықтардың денсаулығын жақсарту міндеті қойылды

Елорда әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкеннің төрағалығымен Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының отырысы өтті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Қатысушылар Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының қорытындыларын жариялады. Осылайша, елорда мемлекеттік бағдарламаның 19 маңызды индикаторына қол жеткізді. Сонымен қатар, Нұр-Сұлтанда медициналық-демографиялық көрсеткіштер жақсарып, тіркелген азаматтардың электрондық денсаулық паспорттары жасалды.

Сондай-ақ, елордада 2 100 адамнан тұратын кадрлық резерв құрылды, олар КВИ бар пациенттерді диагностикалау және емдеу бойынша оқытылды. Пандемия басталғалы бері шамамен 24 мың пациентке қызмет көрсеткен мобильді бригадалар туралы да естен шығармау керек, олар қашықтық форматта 53 мың адамға көмек көрсетті.

Қалалық Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, инсульт кезіндегі 320 нейрохирургиялық операцияның 102-сі жоғары технологияларды қолдана отырып жасалған.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзінде денсаулық сақтау жүйесі пациенттерге бағдарлануы, олардың мүдделерін, денсаулығы мен өмірін бірінші орынға қоюы тиіс екенін атап өтті.

Президент ана өлімі мәселесіне ерекше назар аударды. Оған себеп ретінде перзентханалар нашар жабдықталғанын айрықша атап өткен болатын.

"Барлық денсаулық сақтау ұйымдары түгендеу жүргізу қажет. Бұл ретте босандыру және реанимация қызметтеріне назар аудару, сондай-ақ оларды медициналық жабдықтармен, дәрі-дәрмектермен және бұйымдармен жабдықтау бойынша шаралар қабылдау маңызды", - деп тапсырды Бақтияр Мәкен алқа отырысында.

Сонымен қатар, әкімнің орынбасары өткен жылдың қорытындысы бойынша көпбейінді ауруханалар салу, жұмыс істеп тұрған медициналық ұйымдардың корпустарын реконструкциялау және қалалық емханалар салу арқылы елордалық денсаулық сақтау желісін дамытуға мүдделі шетелдік инвесторлармен бірқатар кездесулер өткізілгенін атап өтті.

"Қаланың тұрғын үй алаптарында МСАК орталықтарын салу жоспарда бар, бұл елорданың шалғай аудандарында тұратын халыққа медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік береді", - деді Б.Мәкен.

Ол елорданың медициналық ұйымдарына медицина қызметкерлерінің біліктілігін үздіксіз арттыруды және МСАК ұйымдарының репродуктивті денсаулықты қорғау жөніндегі жұмысының тиімділігін арттыруды тапсырды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109