2732

Нұр-Сұлтанда жеке ғимараттағы кафелер мен мейрамханалар түн ортасына дейін жұмыс істеуіне рұқсат берілді

Елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысына сәйкес, тұрғын үйлерден тыс орналасқан кафелер мен мейрамханалар сағат 7:00-ден 24:00-ге дейін жұмыс істей алады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Тұрғын үйлерде орналасқан қоғамдық тамақтану нысандарына жұмыс күндері сағат 22:00-ге дейін, ал демалыс күндері 23:00-ге дейін жұмыс істеуіне рұқсат етіледі.

"Қоғамдық тамақтану объектілерінің (мейрамханалар, дәмханалар, барлар, асханалар) орналасқан жеріне қарамастан, үй-жай ішінде 30 отыратын орыннан аспайтын орын толтыру бойынша шарттарды сақтай отырып, көрші үстелдермен арасында кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты және бір үстелге 4-6 адамнан аспайтын отырғызуды сақтай отырып, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық - профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып жұмыс істеуіне рұқсат етілді.
Жұмыс және демалыс күндері кестесі сағат 7:00-ден 24:00-ге дейін белгіленген. Ал тұрғын үйлерде орналасқан тамақтану нысандарының кестесі жұмыс күндері сағат 7:00-ден 22:00-ге дейін және демалыс күндері сағат 7:00-ден 23:00-ге дейін белгіленді. Көрсетілген уақыт аяқталғаннан кейін келушілердің ғимарат ішінде болуына тыйым салынады", - делінген 2 ақпанда жарияланған қаулыда.

Айта кетейік, тұрғындар санитарлық талаптар мен нормаларды қатаң сақтауы керек. Маска режимі, әлеуметтік қашықтық міндетті түрде сақталуы тиіс.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109