2223

Алтай Көлгінов Алматы ауданының тұрғындарымен кездесті

Алматы ауданының тұрғын үй алаптарында 2020 жылы 23 көшеге асфальт төселді, 24 көшеде жарық қалпына келтірілді, 300 км газ тарату желілері салынды. Бұл туралы қала әкімі Алтай Көлгінов аудан тұрғындарымен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Бүгін Алматы ауданының тұрғындарымен кездестім. Кездесу барысында барлық санитария нормалары сақталды. Қала тұрғындарымен кездесулер, азаматтарды қабылдау, жұмыс сапарлары өзара байланысты айтарлықтай күшейтуге мүмкіндік береді. 2020 жылы Алматы ауданында көптеген жұмыс атқарылды. Мемлекет басшысы елорданың елді-мекендерін жоспарлы түрде дамытуды тапсырды. Мәселен, тек осы ауданның елді-мекендерінде 23 көше асфальтталды, ал еріген және жаңбыр суларын бұру үшін арықтар орнатылды. 24 көшеде жарықтандыру қалпына келтірілді, қаланы газдандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде - 300 км газ тарату желілері салынды», - дейді әкім.

Оның айтуынша 2020 жылы 21 мектеп пен 2 балабақша жөнделді, биыл тағы 9 білім беру нысанын жөндеу жоспарланып отыр. Сонымен қатар, Мичурино елді-мекенінде 3 мектеп салынды. Бұрын бұл елді-мекенде мектеп болған жоқ, балалар бейімделген бөлмеде оқыды.

ТКШ саласында да үлкен жұмыс жүргізілді: 19 үйде күрделі жөндеу жүргізілді, 80 үйде жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау және кәріз жүйелері жөнделді.

«Қала тұрғындары 60-қа жуық мәселе көтерді: тұрғын үй алаптарын дамыту, әлеуметтік нысандар, жолдар салу, абаттандыру, апатты үйлерді бұзу, ТКШ жаңғырту және т.б. Тұрғындар көтерген мәселелер бақылауға алынды. Бұған дейін осындай кездесулерді Сарыарқа және Есіл аудандарында өткіздік», - деп жазды қала әкімі.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109