2831

Нұр-Сұлтанда қарттарға арналған демалыс орталығы ашылды

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында ел астанасында жүргізіліп жатқан әлеуметтік жұмыстар жайлы мәлім етті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

«Әлеуметтік нысандарды барлық жас санаттарын ескере отырып ашамыз. Біздің ата-әжелеріміздің өтініші бойынша ардагерлер орталығы ашылды (Достық көшесі, 13). Аға буын орталықта спортпен тегін шұғылдана алады. Үстел ойындары да қарастырылды. Орталықта компьютерлік кабинеттер мен акт залы бар. Мұндай орталықтар зейнеткерлердің денсаулығын жақсартуға, басқа адамдармен араласуға көмектеседі», - дейді қала әкімі Instagram парақшасында

Сонымен қатар, төрт елді-мекенде (Өндіріс, Көктал, Ильинка, Железнодорожный) ірі дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің құрылысы жүргізіліп жатыр. Онда спортпен шұғылдануға арналған кабинеттерден басқа қарт адамдарға арналған тақырыптық клубтар, ХҚО, полиция пункттері, пошта бөлімшелері және т.б. орналасады.

«Елорданы «Нұр-Сұлтан-жайлы қала» мастер – жоспары аясында дамытудамыз. Бұл аудандар полиорталықты және кез-келген жастағы тұрғындардың мүдделері/қажеттіктері ескеріледі», - деді Алтай Көлгінов.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109