2678

Нұр-Сұлтанда нөсер кәрізі желісіне рұқсатсыз қосылған нысан анықталды

Алматы ауданындағы нөсер кәрізінің желісіне елордалық кафелердің бірі рұқсатсыз қосылғаны анықталды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

"2021 жылдың 3 ақпанында "Elorda Eco System" ШЖҚ МКК нөсер кәріздері желілерін есепке алу және бақылау бөлімінің мамандары Нұр-Сұлтан қаласы Алматы ауданы Еділ көшесі №26/6 мекенжайындағы нөсер кәрізі желісіне “Восточная кухня” кафесінің рұқсатсыз қосылғанын анықтады", - делінген кәсіпорын хабарламасында.

Айта кету керек, нөсер кәрізі желісіне заңсыз қосылу мен төгінділер экологияға үлкен зиян келтіреді. Себебі нөсер кәріз желісіне құйылып, қосымша күш түсіреді. Бұл өз кезегінде нөсер суының магистральдық желілерге құйыла алмауына алып келеді. Сол сияқты Есіл, Сарыбұлақ, Ақбұлақ су айдындары мен өзендеріне айтарлықтай зиян келеді. Нөсерлі кәріз желілері тек нөсерлі суларды қабылдауға арналған.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109