3106

IT-кеңестің нәтижесі: елордаға қандай өзгерістер енгізілді

Елорда әкімі Алтай Көлгіновтің төрағалығымен IT-кеңес құрылған сәттен бастап, бірқатар міндеттер қойылды, тиісті IT-шешімдер енгізілді. 2020 жылдың қыркүйек айында IT-кеңес құрылды. Қазіргі уақытта қоғамдастықтың инновациялық қызметінің әсері айтарлықтай байқалады.

Негізгі міндет – IT-индустрияға қатысушыларды біріктіру. Мұнда цифрландыру саласындағы қаланың бірыңғай экожүйесін іске асыруға қатысты әр адамның өз көзқарасын білдіруіне, қала тұрғындарына ыңғайлы болуы үшін цифрлық жобаны таныстыруына, сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің болашақ IT-жобаларын іске асыру бойынша ұсыныстарын білдіруіне мүмкіндігі бар.

1. IT-кеңестің үш кездесуінің қорытындысы бойынша бірқатар шешім енгізілді. Олардың бірі – «Бұлтты құжат айналымы». Ескертулер негізінде Documentolog платформасына өзгерістер енгізілді. Сонымен қатар азаматтардың сұраныстарына жедел ден қою және жергілікті атқарушы органдардың тиімді өзара іс-қимылы үшін сервистік қуаттылықтардағы бұлтты жүйе өзгертілді. Бұлтты құжат айналымы – құжаттармен жұмыс істеу үшін пайдаланушыға интернет-сервис ретінде ұсынылатын қазіргі заманғы құжат айналым технологиясы.

2. Сондай-ақ, қазіргі уақытта «ақылды люк» жобасын пилоттау жүзеге асырылуда. Пилотты жобада екі компанияның шешімдері қарастырылады. «Manhole» – кәріз люктеріне қашықтан мониторинг жүргізеді және қызмет көрсету жүйесін бақылайды. Жоба IoT технологиясына негізделген бағдарламалық-аппараттық шешім болып саналады. Жүйе географиялық байланысы бар люктердің жай-күйін, люктердің ашылу және жабылу уақытын бақылауына, диспетчерлік экранға хабарландыру алуына, сондай-ақ электрондық пошта арқылы білуіне мүмкіндік береді. Екінші пилоттық компания кәріз люктері қақпақтарының орналасуын бақылаудың инновациялық жобасын әзірлеп шықты. Бүркіт бағдарламалық платформасы қақпақтардың орналасқан жері туралы ақпаратты жеделхат-боттың көмегімен жібереді және люк қақпағының ұрлану фактісі туралы дереу уәкілетті органдарға хабарлайды. Пилотты жоба аясында Ikomek пен Отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы бірлесіп, қала аумағында 60 датчиктің люктерді мониторингілеу жүйесін тестілеу мен енгізуін жүргізеді. Тестілеу қорытындылары бойынша неғұрлым тиімді шешімді талдау және іріктеледі. Пилоттық жоба люктердің ұрлануының және оның салдарынан қала тұрғындарының жарақаттануының алдын алу үшін іске қосылды.

3. Сонымен қатар, IT-кеңестің шешімі бойынша №10, №87, №54 мектептерде бейінді пәндердің білім беру бағдарламасын визуализациялау бойынша Rocket Science бағдарламасы енгізілді. Жоба қашықтан оқыту кезінде білім сапасының артуына әсер етті. Интерактивті контентті қала мектептерінде кеңейту жоспарлануда.

4. Қала сәулетін дамытуға ерекше көңіл бөлінді. Кездесуде IT-қоғамдастыққа қатысушылар геопорталды жаңғырту мәселелерін талқылап, елорданың бас жоспарының жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізді. Геопортал бірінші кезекте қала тұрғындары мен бизнес-қоғамдастық үшін қажет мәліметтерді іздеу кезінде ыңғайлы болу үшін құрылған. Сондай-ақ, жердің электрондық картасы қала алаңын тиімді бөлуді жоспарлауға септігін тигізеді. Барлық жүйені интеграциялауды қамтамасыз етеді және урбанистика қағидаттарын ұстана отырып, қаланы жақсартуға әсер етеді.

5. Бұған қоса қоқыс шығару жұмысы автоматтандырылғанын атап өткен жөн. Енгізілген бейне-тіркеу жүйесі мен GPS трекерлер онлайн-режимде қоқыс шығару бойынша жұмыстарды орындау сапасы мен қауіпсіздігін бақылауға мүмкіндік берді.

6. Қала тұрғындарының белсенді өмір салтын ұстануы үшін инфрақұрылым қарқынды дамуда. Жаңа саябақтар, велосипед жолдары жасалып жатыр, аулалар корттармен және көше тренажерлерімен жабдықталған. Осылайша, 2020 жылғы 29 желтоқсанда Smart Sport жобасы таныстырылды. Ол тұрғындардың салауатты өмір салтын ұстануына, тұрғындар арасында спортты танымал етуге көмектеседі.

2020 жылғы 29 желтоқсанда өткен қорытынды IT-кеңесте қалалық сервистердің сапасын жақсарту үшін Қазақтелекоммен келісімге қол қойылды. Қазіргі уақытта цифрлық бастамаларды енгізу жұмыстары жалғасуда. Елордалық цифрландыру басқармасы қаланың әр басқармасымен ақпараттық технологиялардың көмегімен шешуге болатын жұмыстарды пысықтауда.

Биыл IT-комьюнити сараптамалық ортасының тоқсан сайынғы кездесуі жоспарланып отыр. Алдағы IT-кеңеске қатысуға немесе цифрлық шешімнің тұсаукесеріне қатысты мәселелерді Нұр-Сұлтан қаласының цифрландыру және мемлекеттік қызметтер басқармасының электрондық поштасына жіберуге болады: digital@astana.kz. Байланыс телефоны: 55-73-61.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109