7445

Гүл сататын дүкеннің иелері жаппай іс-шара өткізгені үшін елорда тұрғындарынан кешірім сұрады

Елордада 2 мың адамның қатысуымен ұтыс ойынын өткізген кәсіпкерлер қала тұрғындарынан кешірім сұрады, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Естеріңізге сала кетейік, 7 ақпанда қалада екі мың адамның қатысуымен жаппай іс-шара өткізудің жолы кесілді. Жаңа филиалдың ашылуына орай "Romantic" гүлдер орталығы лотерея ұтыс ойынын өткізген болатын. Жаппай іс-шара Мәңгілік ел даңғылында ұйымдастырылды. Нәтижесінде адам көп жиналғандықтан кептеліс пайда болды. Ал қатысушылар маска режимін, әлеуметтік қашықтықты сақтамай, вирустың таралу қаупін арттырды.

Бұқаралық іс-шараны өткізген ұйымдастырушылар қала тұрғындарынан бейнеөтініш түрінде келтірілген залал үшін кешірім сұрады.

"Romantic" гүлдер орталығы Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындарынан кешірім сұрайды. Болған оқиға үшін барлық жауапкершілікті өз мойнымызға аламыз. Іс-шараларды өткізу үшін қойылатын талаптар мен бас санитарлық дәрігердің нұсқамасы бұзылды. Қаламызға және жұртшылыққа келтірілген қолайсыздықтар үшін жауапкершілікті көтеруге дайынбыз.

Бұл іс-шара әкімдіктің және басқа да мемлекеттік органдардың келісімінсіз өткізілді. Қала тұрғындары алдында кешірім сұраймыз. Біз қалыптасқан жағдайдың ауырлығын түсінбедік", - деді қала тұрғындарына гүл орталығының атқарушы директоры Темірлан Кенжебаев.

Дүкен иелері ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабының бірінші бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оларға 230 АЕК немесе 670 910 теңге мөлшерінде айыппұл салынды. Кәсіпкерлер кінәсін мойындап, айыппұлды 7 күн ішінде өтеуге келіскендіктен, төлем мөлшері 115 АЕК немесе 335 455 теңгені құрайды.

7 ақпанда жұмыс режимін бұзғаны үшін "Заречный" моншасы, "Opus One" караоке-мейрамханасы және "Time to smoke" лаундж бары да жауапкершілікке тартылды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109