1927

«Елордада Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның кезектен тыс отырысы өтті»

Елорда әкімінің орынбасары Ермек Қизатовтың төрағалығымен Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның жоспардан тыс отырысы өтті. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты ТЖ департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жиын барысында Нұр-Сұлтан қаласы және қала аумағында көктемгі тасқын суларды өткізуге дайындық бойынша Нұр-Сұлтан қаласы ТЖ департаменті бастығының орынбасары полковник Есен Байыров ағымдағы жағдайдан хабардар етті.

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 2021 жылғы су тасқыны кезеңінде аудан әкімдіктерімен бірлесіп 29 су тасқыны қаупі бар учаске анықталды: Алматы ауданы бойынша – 7 учаске, Байқоңыр ауданы бойынша – 8 учаске, Есіл ауданы бойынша – 9 учаске, Сарыарқа ауданы бойынша – 5 учаске.

Азаматтық қорғау органдарының тобы, сондай-ақ қаланың коммуналдық қызметі тұрақты дайындық жүйесіне ыңғайланды. ТЖ жоюға арналған іс-қимыл жоспары және 2021 жылы Нұр-Сұлтан қаласының аумағында су тасқыны кезеңіндегі төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі кешенді жоспар бекітілді. Жоспарланған іс-шара шеңберінде «Көктем 2021» РКШО аумақтық мемлекеттік азаматтық қорғау жүйесінің дайындығына тексеру жүргізіледі.

Күн тәртібінде Нұр-Сұлтан қаласының аумағында көктемгі тасқын суларды өткізудің ағымдағы жай-күйі және оған дайындық мәселесі талқыланды.

Аталмыш мәселені қарастыру кезінде қала аумағынан тасқын суларды қауіпсіз өткізу, гидротехникалық құрылыстардың қауіпсіз жұмыс режимі, қорғаныс бөгеттерін ұстау және су басу қаупі бар учаскелерде тасқынға қарсы шаралар өткізуге ерекше назар аударылды.

Күн тәртібін қарау нәтижелері бойынша қала қызметтеріне төтенше жағдайлардың алдын алуға және азаматтық қорғаудың аумақтық кіші жүйесінің тұрақты жұмыс істеуіне бағытталған нақты тапсырмалар берілді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109