2600

Елордада Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына арналған «Ғашық жүрек» қойылымының тұсаукесері өтеді

Нұр-Сұлтан қаласы Музыкалық жас көрермен театры да қазақ поэзиясында өшпес із қалдырған Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына арнап, дәл туған күні қарсаңында ақпанның 9, 10, 11 күндері «Ғашық жүрек» поэтикалық-музыкалық қойылымының премьерасын көрермен назарына ұсынады. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты аталмыш театрдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

 Қойылымның қоюшы-режиссері – Аман Ғұмаров.

 «Ғашық-жүрек» спектаклі - автордың ой-арманынан, жан сарайынан, ішкі танымы мен толғанысынан туған өлең-жырлары мен әндеріне құрылған сахналық қойылым.  

Сонымен бірге, Отан-Ана мен Табиғат-Ананың болмыс-бітімін арқау еткен, махаббат пен ғадауат, ғашықтық пен достық, жақсылық пен жалғандық секілді сан қырлы тақырыптарды суреткерлікпен жырлай білген тұлғаның өмір хақындағы ой-толғамы іспеттес.

 Поэтикалық-музыкалық қойылым жырға іңкәр көрерменді руханият әлемімен тілдестіріп, олардың жүрегіндегі адами құндылықтарды байытып, оқылатын өлеңдердегі  тақырыптар мен орындалатын әндердегі оқиғаларды жас көрерменнің көкірегіне тоқып, санасына сіңіреді.

 Сонымен қатар, жас ұрпақтың қиял қанаттарын әдеби әлемнің көгінде қалықтатып, жан-дүниесіне көркем өнердің сәулесін түсіріп, олардың табиғатында суреткерлік таным-түсінік пен өнерпаздық көзқарасты қалыптастырады. Қазақ поэзиясының ұлы тұлғаларының бірі - Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына деген құштарлығын күшейтіп, сүйіспеншілік сезімдерін жандандырады.

 Аталмыш қойылымда Мұқағали Мақатаевтың бейнесін театр актері Қазбек Есқара, ал ақиық ақынның досы Шәмілдің бейнесін театр актерлері Ерназар Жаңатілек және Асқар Жұмабеков сомдайды. Сондай-ақ, спектакльге театрымыздың барлық артистері қатысады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109