2124

Нұр-Сұлтанда тұрғын үй сертификаттарының мөлшері 1,5 млн теңгеге көбейтілді

Нұр-Сұлтанда тұрғын үй сертификаттарының мөлшері 1 млн теңгеден 1,5 млн теңгеге көбейтілді. Бұдан бөлек, елорда әкімі Алтай Көлгінов «Шаңырақ» (5-10-20) бойынша тұрғын үй сертификаттарын алушылар  санатын кеңейту туралы бастама көтерді. Егер, бұрын тізімге тек әлеуметтік жағынан аз қамтылған санаттағылардың 3-і ғана кірсе, енді оған барлық тоғыз санат та кіретін болды. 

«Тұрғын үй мәселесі – ең маңызды бағыттың бірі. Тұрғын үй сертификатына қоса «Қазақстандық тұрғын үй компаниясы (Қазақстандық ипотекалық компания)» АҚ-мен бірлесіп жүзеге асырып жатқан бағдарламаға да өзгеріс енгізілді. Мұнда біз әлеуметтік пәтер алушылар санатын кеңейттік. Бұл әлеуметтік пәтерлерді тек медицина қызметкерлері мен мұғалімдер ғана емес, сонымен бірге - өрт сөндірушілер, әлеуметтік мамандар, мәдениет және спорт қайраткерлері, Полиция департаментінің қызметкерлері де алуға мүмкіндіктері бар. Бұл бағдарлама бойынша бастапқы жарна пәтер құнының 1 пайызын құрайды. Тұрғын үйді алдағы уақытта жекешелендіріп алуға болады», - деді елорда әкімі Алтай Көлгінов.

 Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қолжетімді баспана көлемінің құрылысы артты. Егер 2018 жылы 1 100, 2019 жылы 2 900, 2020 жылы 7 мыңнан аса әлеуметтік пәтер берілсе, биыл бұл сан 10 мыңға көбейеді. Мұның бір бөлігі тұрғын үй кезегінде тұрғандарға, тағы бір бөлігі - «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» арқылы кезекте тұрғандарға беріледі.

Фото: Александр Куприенко

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109