2819

Нұр-Сұлтанның қай тұрғын алаптарына газ тартылған

Елорданы газдандыру үш кезеңмен жүзеге асады. Биылғы жылыту маусымында газға көшу мүмкіндігіне Теміржол, Көктал-2 тұрғын алаптарының тұрғындары, Агроқалашықтың бір бөлігі ие болды. Бұл туралы астана әкімі Алтай Көлгінов халыққа есеп беру кездесуінде айтты.

«Газ тарту бойынша ауқымды жұмыстар атқарылды  - 300 км газ тарату желісі салынды. Бірқатар тұрғын алап тұрғындары биылғы жылыту маусымында газға көшу мүмкіндігін алды. Бұған қоса, қазір Көктал-1, Өндіріс, Оңтүстік-Шығыс тұрғын алаптарында құрылыс-монтаж жұмыстары жүріп жатыр.

Көмірден газға көшудің артықшылығы көп: тұрғындарға көмір сатып алу, сақтау, оның сапасы, күніне бірнеше рет пеш жағу жайлы ойлаудың қажеті болмайды. Қала экологиясы жақсарады, бұл әрине, қалалықтарға оң әсер  етеді. Газдандыру зиянды қалдықтардың атмосфераға тарауын бірнеше есе азайтуға мүмкіндік береді. Бұған қоса, ЖЭО-1 және ЖЭО-2  қазандықтарының бір бөлігі газға ауысты», - деді Нұр-Сұлтан қаласының  әкімі Алтай Көлгінов.

Жобаның әлеуметтік маңызын ескере отырып, әкімдік монтаж жұмыстарының құнын төмендету бойынша  жеке ұйымдармен келіссөздер жүргізді. Осылайша, үй ішіне газ тарту бағасы орташа алғанда 30%-ға арзандады (газ құрылғысы мен құрамдастарының құны кірмейді). Есептегіштерді мемлекет қалалықтарға тегін береді.

Еске салсақ, тұрғын алаптарына газ тарату желілерін салу, оның ішінде үй  маңындағы кварталішілік желілерді салумен Нұр-Сұлтан әкімдігі айналысады. Ал үйдің ішіне жүргізумен жеке ұйымдар айналысады. Тұрғындар кез келген мамандандырылған компанияны таңдауға құқылы.

Газбен қамтудың ішкі желілері тартылған тұрғын алаптарының тұрғындары газға қосылу үшін «Қазтрансгаз Аймақ» АҚ-қа (Республика даңғылы, 24, «Парасат» БО) бара алады. Бұл ұйым газбен қамтудың ішкі желілерінің қауіпсіздігін тексерумен және қосумен айналысады, сондай-ақ оның одан арғы пайдаланылуына жауап береді.

Қаланы газдандыру - ел басшылығының бақылауындағы мәселе.

Фото: Александр Куприенко

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109