Нұр-Сұлтанда 76 гектар аумақ абаттанды
Елордадағы бос жерлер, қараусыз қалған учаскелер мен батпақты аумақтар саны біршама азайды. Оларың орнында қалалықтар мен қала тұрғындары үшін жаңа орындар пайда болды. Барлығы 760 мың шаршы метрден астам аумақ абаттанды. Бұл туралы елорда әкімі Алтай Көлгінов қала тұрғындарына есеп беру кездесуінде айтты.
«Елорданы «Нұр-Сұлтан – қолайлы қала» жоспары аясында дамытып жатырмыз. Қала ыңғайлы және қолайлы болу үшін, тек былтыр ғана 150 астам аула мен 60 қоғамдық кеңістікті (сквер, бульвар, саябақ) абаттандыру бойынша ауқымды жұмыстар атқардық. 76 гектардан астам аумақты абаттандырдық. Қала тұрғындарының төрттен бір бөлігіндеуақытын тиімді өткізетін және спортпен айналысатын жақын маңда жаңа орындар пайда болды. Біз пандемия кезінде қалалықтардың таза ауадағы серуенді одан әрі бағалай бастағанын көріп отырмыз.
Жаңа қоғамдық кеңістіктердің артықшылығы - оларды қыста да пайдалануға болады. Түрлі аудандарда сырғанақ тебуге және қысқы спорт пен ойын түрлерімен айналысуға болады», - деді Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов.
Бұған қоса, қала әкімінің айтуынша, абаттандыру кезінде негізгі басымдық - қаланың ескі бөлігі мен тұрғын алаптарына берілді. Мысалы, адам көп тұратын аудандардың бірі - Байқоңырда 53 аула мен 13 ірі қоғамдық кеңістік салынды. Жастар шағын ауданында 50 көппәтерлі тұрғын үй кешені орналасқан. Бұл аудан ішкі аулалармен қамтылған, тек сол жердің өзінде 20 астам аула абаттандырылған.
Сарайшық көпірінің астындағы (Президент және Триатлон саябақтарын байланыстырады), сосын Л.Гумилев атындағы ЕҰУ жанында орналасқан көпірінің астындағы кеңістіктерді өзінше бір ерекшелік деп айтуға болады. Ол жерлерде баскетбол, воркаут және скейт-алаңдар, теннис үстелдері мен т.б. орналасқан.
Өндіріс (Лесозавод) тұрғын алабы да өзгерді. Кезінде батпақ жерлер мен сүрілген 1950 жылы салынған барақ үйлердің орнында - футбол және баскетбол алаңдары бар саябақ салынды.
Көктал-1 тұрғын алабында (Сарыарқа ауданы) аумағы 16 гектар болатын саябақ ашылды. Онда спортпен айналысуға арналған үлкен аумақтардан бөлек амфитеатр мен ротонда орнатылған. Ол жерлерде жас жұбайлар неке қию рәсімін өткізе алады. Иттерді серуендетуге арналған арнайы алаң да жабдықталған.
Тельман, Үркер, Пригородный тұрғын алаптары мен т.б. да кеңестіктер ашылып, саябақтар өзгерді.
Абаттандырылған аула аумақтары, саябақтар, скверлер мен бульварлар санының артуы көптеген тұрғынды спортпен айналысуға, балаларды жастайынан денсаулығын күтуді үйретеді. Бұл бағыттағы ауқымды жұмыстар жалғасады.
Фото: Александр Куприенко
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz