2825

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет»: 2020 жылы елорда әкімдігі 10 мың азаматты қабылдады

2020 жылы елорда әкімдігінің қабылдауында 10 мың азамат болды. Бұдан бөлек, елорда тұрғындары сондай-ақ «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында, тұрғын үй саласы бойынша қызмет көрсететін бірыңғай орталықта, iQala орталығында, “iKomek 109” арқылы және әкімдіктің әлеуметтік желелердегі аккаунттары арқылы сұрақтарына жауап ала алады. Бұл туралы елорда әкімі Алтай Көлгінов тұрғындарға есеп беру кездесуінде айтты.

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында апта сайын онлайн режимінде азаматтарды қабылдаймыз. Ондағы негізгі сұрақтардың дені - жұмыспен қамту, тұрғын үй бағдарламаларына қатысу, білім, медициналық көмек алу және т.б. қатысты. Тек өткен жылдың өзінде біз 10 мың азаматты қабылдадық. Бұл 10 мың отбасы деген сөз. Сұрақтардың бір бөлігі сол жерде шешіледі, қалғаны бойынша жұмыс жүргізіледі.

Осы ай басталғалы орынбасарларым мен аудан әкімдерімен бірге 500-ге жуық азаматты қабылдадық. Сондай-ақ, бұрнағы күндері аудан әкімдері тұрғындармен 15 есеп беру кездесуін өткізді. Мәселелерді шешу бойынша тек бір рет емес, жүйелі негізде қолға аламыз. Мысалы, бұл ретте тұрғын үй саласы бойынша қызмет көрсететін орталық пен әлеуметтік көмек беру бойынша «Жанұя» орталығын аштық», -  деді елорда әкімі Алтай Көлгінов.

«Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығы 2019 жылдың жазынан бері іске қосылды. Аталған орталықта отбасыларға заңдық, психологиялық және әлеуметтік көмектер көрсетіледі. Тұрғындар «бір терезе» қағидаты бойынша 70-тен аса қызмет ала алады. Орталық ашылғаннан бері онда 45 мың азамат жүгініп, онда 65 мың сұрақ бойынша жұмыс қолға алынған.

Тұрғын үй орталығы 2020 жылдың күзінде ашылды. Аталған орталықта тұрғын үй кезегіндегі нөмірін анықтап, қалай кезекке тұруға болатыны туралы, тұрғын үй бағдарламаларының түрлі механизмдері және т.б. жөнінде білуге болады. Орталық ашылған 3 ай ішінде 18 мың тұрғын жүгінген.

Фото: Александр Куприенко

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109