2170

Елорда әкімдігі нөсер канализациясы мәселесін қалай шешеді?

Нұр-Сұлтан әкімдігі нөсер канализациясының құрылысы мен тазалығына ерекше көңіл бөледі. Қазір қалада 3 ірі нөсер канализациясының құрылысы мен тазарту құрылысы жүргізілуде. Бұл туралы елорда әкімі Алтай Көлгінов тұрғындармен есептік кездесуінде айтты.

 «Құрылыстың қарқынын ескере отырып, сонымен қатар, нөсер канализациясының жүйесімен де уақтылы айналысып отыру қажет. Қаладағы проблемалы орындардың бірі - Б.Момышұлы учаскесі. Онда нөсер канализациясының магистральді коллекторының құрылысын аяқтаймыз. Аталған нөсер канализациясының ұзынды 500 метрді құрайды – басы Дауылпаз көшесінен Елім-ай көшесіне дейін (Б.Момышұлы даңғылын басып өтеді). Бұл қолданыстағы нөсер канализациясы желісінің өткізу қуатын бір жарым есеге арттыруға мүмкіндік береді.

 Сондай-ақ, «Жастар» ықшам ауданындағы (Тәшенов пен Амман көшелерінің қиылысы) коллекторларға реконструкция жасап, тазарту құрылысын жүргіземіз. Бұрын бұл жер батпақты болған. Мұндағы тазарту қондырғысы  жауын-шашын суын Есіл өзеніне тазартып құюға мүмкіндік береді. Бұған дейін қалдық су өзенге сол күйі құйылып, ағынды суды лайлап, қала экологиясына да кері әсерін тигізген. Құрылысты биыл аяқтауды жоспарлап отырмыз. Алайда суды тазалаудың бірінші кезеңін өткен жылдың күзінде іске қосқан болатынбыз», - деді елорда әкімі Алтай Көлгінов.

 «Жастар» ықшам ауданындағы жаңа тазарту қондырғысы қуаты тәулігіне 42 мың текше метрден асады. Бұл тазарту қондырғысы Тәшенов, Бараев, Уәлиханов, Иманбаева көшелері мен Республика даңғылын су басудан қорғауға мүмкіндік береді. Бұл тазарту қондырғысы жерасты болғандықтан, оның үстіңгі жағында абаттандырылған гүл бағын орналастыру,  көгалдандыру қарастырылған.

 Сондай-ақ, елорда әкімі Алтай Көлгінов «Тельман» тұрғын алабындағы магистральді коллектор мен тазарту қондырғысы жұмыстарының  аяқталғанын атап өтті. Оның қуаты тәулігіне 36 мың текше метрді құрайды. Бұл жобаны жүзеге асыру «Тельман» тұрғын алабы мен № 27 көше бойындағы және басқа да құрылысы қарқынды жүріп жатқан аумақты су басудан қорғауға мүмкіндік береді.

 Бұдан бөлек, 2020 жылы тазарту құрылыстары «Пригородный» тұрғын алабы мен Алаш тас жолының бойындағы логистикалық ауданында да жүргізілді. 2019 жылы «Мыңжылдық» аллеясы аумағындағы екі учаскеде нөсер канализациясының мәселесі шешілді.

 Нөсер канализациясының жүйесі тоқтаусыз жұмыс істеуі үшін коллекторларды үнемі тазарту жұмыстары да жүргізілуде. Тәшенов көшесінің бойынан 30 тонна, арықтар мен құдықтан 2,5 мың тонна қоқыс шығарылды. Бұдан бөлек, нөсер канализацияларына заңсыз қоқыс тастауды тексеру бойынша рейдтер де жүргізіліп тұрады.

Фото: Александр Куприенко

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109