3061

Елорда бюджетін оңтайландыру 43 миллиард теңгені құрады. Қаражат әлеуметтік салаға бағытталды.

Нұр-Сұлтан әкімдігінің жергілікті бюджетін оңтайландыру шамамен 43 миллиард теңгені құрады.  Үнемделген қаражат әлеуметтік саланы, инфрақұрылымды дамытуға, экономикалық секторды, денсаулық сақтауды, білім беруді және т.б. қаржыландыруға бағытталған.

«Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау шеңберінде мемлекет пен квазимемлекеттік сектордың өнімсіз шығындарын азайту бойынша ауқымды жұмыс жүргізілді.  Оңтайландырылған қаражат нақты әлеуметтік мәселелерді шешуге, індет кезінде шағын және орта бизнесті қолдауға, жұмыспен қамту мәселелеріне, қаланың инфрақұрылымын жақсартуға және қоғам үшін өзекті басқа салаларға бағытталды.

Мысалы, экономиканың және инфрақұрылымның нақты секторын қолдауға 25,7 миллиардтан астам теңге бөлінді.  Бұл апаттық жағдайдағы үйлерді бұзу, жолдар, аулалар салу, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салу, шағын және орта бизнесті несиелеу, тұрақтандыру қорын толтыру, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын ұстап тұруға арналған несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау және басқалар», - деді елорда әкімі Алтай  Көлгінов.

Білім, денсаулық сақтау және әлеуметтік көмекке қосымша 10,5 миллиард теңге бөлінді: әлеуметтік көмек көрсетуге;  қашықтан оқытуды ескере отырып, аз қамтылған отбасылардан шыққан оқушыларға компьютерлер, маршрутизаторлар, мектеп киімдерін сатып алу үшін.  Сондай-ақ медициналық техниканың қосымша көлемін сатып алуға және т.б.  Сонымен қатар медицина саласы бойынша әкімдіктің резервіне шамамен 6 миллиард теңге қарастырылған.

Оңтайландыру барысында бірқатар қымбат нысандар таратылып, сенімгерлік басқаруға берілді, ведомстволық бағынысты ұйымдардың басқару құрамы қысқартылды және т.б.

Фото: Александр Куприенко

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109