3326

Елордада «Мұқағали Мақатаевқа арнау» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Нұр-Сұлтан қаласының орталықтандырылған кітапханасында ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына орай арнайы жиын өтті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Рухани кездесу Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі ҚР ҚК Ұлттық әскери-патриоттық орталығы «Жас Сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы РҚБ Нұр-Сұлтан қалалық филиалының ұйытқы болуымен өтті.

Шараға Мұқағали Мақатаевтың қызы Алмагүл және немересі Роза видео сәлемдемелерін жолдап, ел болшағы – жастарға ризашылықтарын білдіріп, алдағы бастамаларына сәттілік тіледі.

«Бүгінгі өтіп жатқан іс-шара биік тұлға, ақиық ақын Мұқағали Мақатевтың 90 жылдығына арналып отыр. Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығымен тұспа-тұс келген бұл мереке әрбір қазақтың шаңырағында мереке деп ойлаймыз. «Жас сарбаз» тәрбиеленушілері өздерінің сиясы кеппеген өлең жырларын ақынға арнап, сіздерге ұсынып отыр. Шара негізінен Мақатаевтың 90 жылдығына арналған инстасайыс ретінде жарияланған болатын. Қазіргі таңда бұл сайысқа 200-300-ге жуық жасөспірім атсалысып, соның ішінде 30-ға жуық қана қатысушы іріктеліп алынды», – деді «Жас сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы Нұр-Сұлтан қалалық филиалының төрағасы Асхат Налшыбек.

Шара барысында «Мұқағали Мақатаевқа арнау» инстаграм байқауының қорытындысы шығарылды. Байқаудың жеңімпазы ретінде №16 мектеп оқушысы Әмина Түгел атанды. Жүлдегерлер қатарына №74 мектеп оқушысы Ақнұр Тұяқбай және №66 мектеп оқушысы Аяжан Мейрамбек ілікті.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109