2861

Елордада жеңіл атлетикадан «Nur-Sultan Open 2021» ашық чемпионаты өтеді

Нұр-Сұлтан қаласындағы «QAZAQSTAN» жаңа жеңіл атлетика кешенінде жеңіл атлетикадан «Nur-Sultan Open 2021» ашық чемпионаты өтеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

2021 жылдың 12-13 ақпанында аталмыш спорт кешенінде жасы үлкен және жасы кіші жасөспірімдер арасында жеңіл атлетикадан «Nur-Sultan Open 2021» ашық чемпионатының жалауы желбірейді. Іс-шараның салтанатты ашылуы 12 ақпан күні сағат 12:00-де өтеді.

Аккредиттеу 11 ақпанға дейін мына электрондық мекенжай арқылы қабылданады: sultan.nurekenovich@gmail.com.

Бұл чемпионат жаңа кешен қабырғасындағы алғашқы спорттық іс-шара болмақ. Жарысқа Қазақстанның түкпір-түкпірінен 170-тен астам спортшы қатысады.

Айта кетейік, жаңа кешен өткен жылдың қараша айында ашылған болатын. Ол халықаралық талаптардың бәріне сәйкес келеді және World Athletics сертификатын алған. Заманауи жоғары технологиялармен жабдықталған база спортшылардың республикалық және халықаралық жарыстарға, әлем чемпионаты мен жазғы олимпиада ойындарына дайындалуына мүмкіндік береді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109